Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4250 0 пікір 9 Қараша, 2016 сағат 14:03

ДОНАЛЬД ТРАМП ЖЕҢІП ШЫҚТЫ

Бүгін АҚШ-та кезекті Президент сайлауы аяқталып, дауыстар есептелді. Демократтар елі өздерінің 45-Президентін сайлады. Сайлауалды додалардың қорытындысы бойынша президенттік креслодан дәмелілердің ішінде шешуші бәсеке саясаткер Хилари Клинтон мен мульти-миллиардер Дональд Трамптың арасында өрбіген-тін.

Халықаралық сарапшылар Хилари Клинтон Президент атанған жағдайда АҚШ пен Ресей арасындағы саяси жағдайлар күрделене түсетінін болжады. Хилари жарыссөздер кезінде (stand up speach) бірнеше мәрте РФ Президентін әжуалаған болатын. Тіпті, өзінің қарсыласы Дональд Трампты Путиннің мініс атына теңеген. Ал Трамптың Ресеймен қарым-қатынасы жақсы екенін әлемдік БАҚ әлсін-әлсін жазып келеді. Сонымен Демократияшылдар мен Республикашылар арасындағы тартыстың қорытындысы бойынша Дональд Трамп АҚШ-тағы Президент сайлауының жеңімпазы атанды.

Сайлауға Республикашылар атынан түскен Дональд Трампт электораттың 48 пайыз дауысын жинаған (57 059 713).  Оның басты қарсыласы, Демократияшылдар өкілі Хилари Клинтон  47 пайыз дауыс жинап, небәрі екінші орынға жайғасты (56 088 589). АҚШ Сенатында да бәсеке қызу жүрді. Сенаттағы есептеулер бойынша Трамп 51 орын, Клинтон 47 орын иеленсе, Конгрессте 235 дауыспен тағы да Дональд озып шықты. Ал Хилари Клинтонге дауыс бергендер Конгрессте бар болғаны 180.

Сонымен АҚШ-тың 45-Президенті – Дональд Трамп атанды.

Ерлан Саиров, саясаттанушы:

- АҚШ-тағы Президент сайлауларын болжау қиын. Өздеріңіз білесіздер, мынау сайлаудың негізгі фавориті Хилари Клинтон болып келген. Ал сайлаушылардың пікірі мүлде басқа болып шықты. Бұл өз кезегінде АҚШ-тағы нағыз демократияның бір көрінісі. Бұл нағыз сайлау. Яғни, азаматтар өздерінің сайлау құқығына толық ие болып отыр деген сөз. Сонымен бірге жарыссөздердің барлығында дерлік Хилари Клинтон озып келді. Бұл біріншіден демократияның механизмдерінің үздік үлгісі болды. Америкада ол бұрыннан қалыптасқан.  Менің ойымша, бізге осындай механизмдерге, тетіктерге талпына беру керек. Мен ғана емес, көптеген саясаткерлер, Халықаралық институттар Хилари Клинтон жеңеді деп болжаған еді. Олай болмай қалды. Конгресс пен Сенат - бұл Америкада ең дамыған институттар. Біріншіден, оның саясатта өз орны бар. Тіпті бұлардың Президенттің шешіміне вето қоятын құқықтары бар. Осы сайлауда қанша қиын болса да, республикалықтардың мерейі үстем болды.

Енді, Қазақстанға шынын айту керек, кім жеңсе де көп дүние байланысты болмайды. Хилари Клинтон да, Дональд Трамп та АҚШ-тағы ірі корпорациялардың өкілдері. Бұлар халықтың алдында, қоғамның алдында бірін-бірі сынағанымен, бұлардың жақсы дос екенін біз білеміз. Кім жеңсе де бәрібір ұжымдық саясат болады. Мысалы, қазір Қытай Дүниежүзілік экономика гегемен болып, бірінші орынға шығуға талпынып жатыр. Сосын Американың ішкі проблемалары бар. Қазіргі АҚШ-тың мемлекеттік қарызының өзі жүз триллион доллардан асып кеткен. Бұл астрономатикалық цифр.  Жаңа Президент жақын арада жаһандық саясатқа араласа қоймайды. Сосын бұл екеуі де АҚШ-тағы ірі капиталдарының өкілдері. Саясат міндетті түрде ұжымдық болады.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475