Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7368 0 пікір 7 Қараша, 2016 сағат 11:14

ТЕРІС БАТА


Аста отыр едік... Сақалы сапсиған жігітке біздің жанымыздан орын бұйырыпты. Ернін жыбыр еткізіп әзер амандасты.

Ал асқа бата берілгенде бір түрлі әрекет жасағандай болды. Ас қайырған кезде нақ байқадым, біз бет сипағанда екі қолын төмен сермеп теріс бата жасады. Селт еттім. Ол дастарқандас боп отырған он қазаққа лағнет айтқандай болды-ау. "Өзіңмен кетсін" дедім... Досан да байқапты " бастары кеткен, әкең.." деп жүр. Дін дүмшелер ермегіне айналып, шала сауаттылар ұлтына теріс бата беретін дәрежеге жетік.

Баяғының шалдары "дүмшеден асқан діндар жоқ" деуші еді, рас болды...

Серік Әбікен

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397