Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5301 0 пікір 1 Қараша, 2016 сағат 10:47

ҚСДП коалиция жасақтауға кірісті

Президенттен парламенттің басым дауысына ие болатын коалиция құруға құқық алған Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) «Республика-Ата-Жұрт», «Бір Бол» және «Қырғызстан» фракцияларымен келіссөз жүргізіп жатыр.

Социал-демократтар лидері Иса Омуркулов «Республика-Ата-Жұрт» лидері Омурбек Бабановпен кездескенін, парламентте бір коалицияның астында жұмылу туралы сөйлескендерін айтты. Оның сөздерінше, Бабанов ұсыныстардың артықшылығы мен кемшіліктерін таразылауға уақыт сұраған. «Үкіметке, министрлерге, бағдарламаға қатысты сұрақтары туындауы мүмкін. Біз олардың да ұсыныстарын тыңдаймыз. Егер біздің ұстанымдарымыз сәйкес келіп жатса, бірігуіміз мүмкін», - дейді Омуркулов.

Өткен аптаның соңында Омуркулов «Бір Бол» және «Қырғызстанның» жаңа лидерімен кездескен.

Омуркуловтың түсіндіруінше, социал-демократтардың коалициядан шығуының басты себептерінің бірі "ҚСДП фракциясы мен «Ата Мекен» және «Онугуу-Прогресс» фракциялары арасында түсінбеушілік орын алған. Оның соңы коалицияның тарқауымен аяқталды. Сол кезде президент Алмазбек Атамбаев үкіметтің отставкасын қабылдап, социал-демократтарға парламенттің басым дауысына ие болатын коалиция құруға бұйрық берген.

Еске сала кетейік, Жогорку Кеңеште 6 партияның өкілдері бар: (ҚСДП) (38 мандат), «Республика-Ата-Жұрт» (28), «Қырғызстан» (18), «Онугуу-Прогресс» (13), «Бір Бол» (12) және «Ата Мекеннің» (11) мандаттары бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1413
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2990
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1059
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 993