Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4281 0 пікір 30 Қазан, 2016 сағат 22:21

Сенаторлар әлеуметтік жобалардың республикалық көрмесінде болды

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Ақан Бижанов пен Әли Бектаев Шымкентте өтіп жатқан «2016 жылы Қазақстанда жүзеге асырылған үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесіне қатысты. Бұл туралы «Abai.kz» порталы хабарлайды.

Көрменің мақсаты мүмкіндігі шектеулі және өмірі қиын жағдайда жүрген адамдардың өмірдегі ахуалын жақсартуды көздейтін әлеуметтік жобаларды таныстыру болып табылады.

Көрменің ашылуында сөйлеген сөзінде сенатор А.Бижанов Парламент өткен сессияда Еңбек кодексі мен «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңын қабылдағанын, оған сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы жұмыс орындары ашылып жатқаны, бұл ретте мемлекет жұмыс берушілердің шығыстары субсидияланатынын атап өтті. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында атаулы әлеуметтік көмекті күшейту көзделіп отыр.

А. Бижанов сондай-ақ конкурстық таңдаудан өткен жобалар бүкіл халықтан, оның ішінде жергілікті билік органдарынан, әлеуетті демеушілерден, ерікті көмекшілер мен қолдан келген көмегін аямайтын қарапайым ізгі адамдардан қолдау табуы тиіс екенін айтты.

Шара барысында мұқтаж жандарға шын жүректен көмек беретін белсенді азаматтық көзқарастағы жұртшылық өкілдері аталып өтілді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 434
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2064
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1730
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 888