Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4235 0 пікір 30 Қазан, 2016 сағат 22:18

Төлеби ауданында жолдар кеңейтіліп, көшелер жарықтандырылуда

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында көлік жолдары кеңейтіліп, көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқын алуда, деп хабарлайды «Abai.kz» порталы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұған дейін батпаққа батып жүрген оқушылар мектепке асфальт жаяужолымен қатынайтын болды. «Біркөлік» демалыс аймағындағы көшелер қос тараптағы көліктің бір мезетте өтуі үшін тарлық ететін. Ені 6 метр болатын жолдар 9 метрге дейін кеңейтіліп, асфальт төселуде. Туризмді дамытуға қолайлы ауданның демалыс орындарына келушілер енді еш кедергісіз серуендейтін болды», - делінген таратылған хабарламада.

Көшені кеңейтуді ауыл тұрғындары да қолдайды. Ұсынысқа қарсылық білдірместен, шарбақтарын өз еркімен бұзып, қоршалған жерді ел игілігіне беруде. Көпұлтты ұлыстар мекендеген таулы аймақтың тату жұрты «болашағымыз - бірлікте» дегенді айтады.

Төлебиді көркейту жұмыстары мұнымен шектелмейді. Аудан ауылдарында қазір көшелерге арнайы жарықшамдар орнатылуда. Жол бойындағы қоршауларға да әр кірген, олар күрделі жөндеуден өтіп, сырланды. Ойдым-ойдым жолдар да жөнделді. Осылайша Төлеби ауданында халыққа ең қажетті дүниелер шешімін тауып, іргелі істер атқарылуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 434
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2064
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1730
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 888