Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 4513 0 пікір 30 Қазан, 2016 сағат 22:14

Тағылымды тәрбие - Түркістан мектептерінің басты бағыты

Түркістан қалалық білім бөлімі «Тәуелсіздік - ел тірегі» деген атаумен арнайы іс-шаралар жоспарын түзді, деп хабарлайды ҚазАқпарат shymkenttv.kz. сайтына сілтеме жасап.    

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мұндағы мектептерде ашық сабақтар ұйымдастырылып, егемендік алған жылдардағы жетістіктер дәріптелуде. Ашылғанына 2 жылға жуық уақыт болған №27 орта мектепте  бүгінде 900 оқушы оқиды. Мұнда балалардың жан-жақты білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Білікті ұстаздар сол игілікті тиімді пайдаланып, ел мүддесі, тәуелсіздік тарихы турасында көп деректер айтуға, тағылым түйдіруге пейілді.

90 жылға жуық тарихы бар Үсенов атындағы орта мектептің де жетістігі жетіп артылады. Түркістандағы үлгілі білім ошағы саналатын нысанда жоғары білімді 78 ұстаз дәріс береді. Олар 700-ден астам оқушыға жаңа реформа аясында сапалы білім, саналы тәрбие беруде.

«Мақсатымыз - үштілділік және инклюзивті білім беру аясында мықты кадр даярлап шығару»,- дейді олар.

№2 Хамза атындағы орта мектептің ұстаздары да Қазақстанның жасампаз жетістіктерінің барлығын Елбасымен байланыстырады. Мемлекет басшысының әсіресе, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі зор екенін айтады.

Осылайша, бұл күні Түркістандағы біраз білім ұяларында  «Тәуелсіздік және Елбасы» тақырыптарында ашық есік күні өтіп, Мәңгілік елдің ұрпақтары тарихтан сыр шертті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019