Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4381 0 пікір 30 Қазан, 2016 сағат 20:31

Шетелдік дәрігерлермен бірге бауырға күрделі ота жасалды

Оңтүстік Қазақстан Облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері шетелдік, атап айтқанда Оңтүстік Кореядан келген хирургтармен бірігіп бауырға күрделі ота жасады.

Аталмыш дәрігерлер облыстық клиникалық ауруханаға алғаш келіп отыр. Оңтүстіккореялық мамандар ақылы хирургия бөлімінің жұмысымен жіті танысып қана қоймай, 36 жастағы азаматқа күрделі ота жасады. Екі елдің дәрігерлері бірлесіп жасаған операцияда науқастың бауырының жарамсыз бөлігі қауіпсіз жолмен алынды. Сәтті жасалған отаның арқасында бұл азамат аман қалды. Енді бауыр ауруы мазаламауы тиіс дейді дәрігерлер.

Жанболат Ділдәбеков, бөлім меңгерушісі: «Мысалы, бұрын бауырдың құртын ашып тазалайтын болса, қазір бауырды ашпай, сау жеріне тиіспей жарамсыз жерін ғана алып тастаймыз. Бұл операцияны өзіміз бастадық. Бұл кісілерге дайындап бердік. Олар операцияның негізгі жасалу бағытын көрсетіп берді.»

Жыл басынан бері облыстық клиникалық ауруханада бауырға қатысты 13 ота жасалған. Ең бастысы, нәтижесі қанағаттанарлық. Енді күнгейлік дәрігерлер Оңтүстік Корея мамандарынан трансплантациялық ота жасау әдісін меңгеруде. Ол үшін шетел асып, арнайы оқып келген мамандар да бар. Сол дәрігерлер облыстық клиникалық ауруханасында биыл алғаш рет бүйрек алмастыру отасын ойдағыдай іске асырған.

Си Уоок Сонг, хирург, бауыр транспантологы: «Мұндағы мүмкіндікті көрдік. Операцияға да қатыстық. Ауруханадағы дәрігерлердің біліктілігі жақсы деп айта аламын. Сондай-ақ біздің мақсатымыз — трансплантациялық отаны дамытып, мамандардың технологиямен жұмыс істеу мүмкіндігін арттыру. Осы бағытта жұмыстар жасалып жатыр. Ендігі мақсат — екі тараптың жұмысын одан әрі жандандыру.»

Осы іссапар аясында Кореялық дәрігерлер медициналық мекеменің барлық мүмкіндіктерімен танысып шықты. Шетелдік мамандар айтқандай, енді облыстық клиникалық ауруханасында трансплантациялық ота жасаудың технологиясы күшейтілмек.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 438
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1749
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 901