Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3752 0 пікір 30 Қазан, 2016 сағат 00:00

Қазақстандықтар «Қорғаста» куәліксіз жүре алады

Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының басшылығы осы аймақта жеке куәліксіз жүруге рұқсат беру жағын қарастыруда, - деп хабарлайды "Егемен Қазақстан" газеті.

«Қазіргі таңда ел азаматтары шекарадан шетелдік төлқұжат арқылы өтеді. Қараша айының 1-нен бастап, «Қорғас» аймағында шекарадан өту тәртібі өзгереді. Енді ол жерден жеке куәлік арқылы да өтуге болады. Ал балаларға туу туралы куәлік қажет», — деді орталықтың президенті Қаһарман Жазин қазақстандық журналистерге арналған баспасөз турының барысында.

Бұған қоса ол Қорғастағы ұзын-сонар кезекке байланысты мәселенің қалай шешілетінін айтты. Оның мәліметтері бойынша, 2012 жылы «Қорғастан» 310 мың адам өткен. Биылғы жылы осы күннің өзінде ол жерге қатынайтын азаматтар саны 3 миллионнан асады. Алдын ала болжам бойынша, 2020 жылға қарай орталықтан өтетін адамдар саны 8 миллионға дейін жетеді.

«Біз қазір ұзын-сонар кезектің мәселесін шешу бағытында кешенді шараларды жүзеге асырудамыз. Біріншіден, біз «Қазпошта» ұйымының қабылдау тіректерінің санын, осы жүктерді және көліктерді қабылдайтын адамдар санын көбейтеміз. Көктемде «Қазпошта» үлкен жүк терминалының құрылысын бастайды. Жіберу тәртібімен байланысты қазіргі проблемалар шешіледі»,-деді ол.

Бұған қоса ұйымдасқан туристер үшін жеке дәліздер мен «Қазпоштаның» қабылдау тіректері бөлінетін болады.

«Бір күнге қажетті затын алу үшін келетін ұйымдасқан туристер алыпсатарлықпен айналыспайды. Енді олар үшін арнайы дәліз жасалып, алдын ала мәліметтерін ұсынған ұйымдасқан туристер шекарадан небәрі бірнеше минуттың ішінде өтіп үлгереді. Олар қайтарда жүктерімен шығатын кезде де солай болады. Осындай тәртіппен біз алыпсатарлықпен айналыспайтын адамдар арасында туризм ұйымдастырмақпыз»,-деп қорытты сөзін Қаһарман Жазин.

Айта кетейік, «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы Алматы облысының Панфилов ауданына қарасты Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан. Мұндай аймақтың құрылуы мемлекеттердің шекара аймағында визасыз кездесу ұйымдастыруларына мүмкінік жасайды. Сондай-ақ ол Қазақстан, Қытай және ТМД елдерінің тауарларын таныстырып, келісімдер жасау үшін де ыңғайлы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313