Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3935 0 пікір 28 Қазан, 2016 сағат 22:41

«Мәртөбелiктердiң» мерейi. Диқандар тыным алар емес

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы. Қарасу ауылдық округiндегi «Мәртөбе» өндiрiстiк кооперативiнiң диқандары жыл он екi айда бiр тыным таппайды.

Биыл Оңтүстік диқандар қауымы әр гектардан 18 центнерден астық жинады. 1300 гектар танапқа өсiрiлген өнiмнiң биылғы шығымы жаман болған жоқ. Кооператив биыл 350 гектар алқапқа мақсары еккен, гектар түсiмi 6 центнерден айналды.

Бүгiнде мәртөбелiктер барлық егiншiлiк шараларының талаптарын қатаң сақтай отырып, күздiк жер жыртуды қарқынды жүргiзiп жатыр. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысының шаруашылық секторына да айтарлықтай үлесін қосатыны сөзсіз. Себебi, әр күннiң жылға азық екенiн жақсы ұққан шаруалар жақында күздiк тұқым себудi бастамақ.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында бүгінде жылыжай көлемі 90 гектарға жетіп отыр. Осы маусымда аталған жылыжайдан қазығұрттық диқандар 19875 тонна  көкөніс, 4647 тонна бақша дақылдарын жинады. Мұнда әр маусымда 200-дей азамат еңбек етеді. 

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі ең ірі ауыл шаруашылығы орталықтарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстандағы жылыжайлардың 87 пайызы осы біздің облыста орналасқан. Олардың жалпы көлемі 1 мың гектардан асады.

А.ӘДIЛҰЛЫ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 430
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2058
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1723
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 880