Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4623 0 пікір 28 Қазан, 2016 сағат 22:38

«Фронт-офис» жобасы өз жұмысын бастады

Мемлекеттiк қызмет көрсету орталығы – «Фронт-офис» жобасы өз жұмысын бастады. Орталықтың ашылу салтанатына облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев қатысты.

«Фронт офис» – тұтынушылар мен тапсырыс берушi тараптың жұмысын жеңiлдетуге арналған ұйым. Облыс орталығындағы Т.Рысқұлов көшесiнде орналасқан бұл офисте қалалық әкiмдiк тарапынан көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң барлық түрiн «Бiр терезе» жүйесi арқылы ұсынады. Орталықта 400-ге жуық қызмет түрлерi көрсетiлетiн болады. Атап айтсақ, жердi рәсiмдеу, жердi пайдаланудың мақсатын өзгерту, құрылыс жұмыстарына рұқсат алу секiлдi көптеген қызметтердi пайдалану үшiн ендi осы орталықтың көмегiне жүгiнуге болады.

– «Front office» құру идеясы – жақсы бастама. Ендi орталықты халыққа кеңiнен таныстырып, насихат жұмыстарын қолға алуымыз керек. Облысқа қарасты барлық аудан, қала әкiмдiктерiнiң мамандары осында келiп үйренiп, тәжiрибе алмасуы қажет. Осылайша, толықтай ашықтықта жұмыс iстеп, халыққа қызмет жасауымыз керек, – дедi облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев.

Мамандардың айтуынша, мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бұл түрi, әсiресе, бизнесте жүрген азаматтар үшiн тиiмдi болмақ. «Фронт-офис» жүйесi өтiнiш иесiнiң құжаттарын қабылдау кезiнде арнайы бақылау коды арқылы берiлiп, тiркеуге алынған құжат штрих код арқылы әкiмдiктiң тиiстi бөлiмiне жөнелтiледi. Өтiнiш қысқа мерзiмде қаралған соң жауабы «Фронт-офиске» жолданып, одан әрi тұрғындарға берiледi немесе өтiнiш иесiнiң электронды мекенжайына жiберiледi. Сондай-ақ, өтiнiш иелерiнiң бақылау коды арқылы өтiнiштiң қаралу барысы жөнiнде мәлiмет алуларына мүмкiндiгi бар.

Шымкент қаласының әкiмi Ғабидолла Әбдiрахымов бұл орталықта инвесторлар үшiн де мүмкiндiктер қарастырылғанын атап өттi. Қалаға инвестиция құямын деген кез келген инвестор үшiн арнайы зал, ғаламтор желiсiне қосылған компьютерлер мен аудармашы қызмет көрсетедi.

Бұл жоба туралы орталықтың ресми сайты немесе байланыс орталығының 545-545 телефонына қоңырау шалу арқылы ақпарат алуға болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 429
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2055
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1722
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 879