Түлкібаста несие алған шаруалар кәсібін дамытып отыр
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында» 2016 жылдың басынан 630 кәсіпкерлерге кеңес, 144 кәсіпкерлерге әртүрлі құжаттар рәсімдеуге көмек көрсетілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осы уақытқа дейін 197 адам кәсіпкерлікті оқып, меңгерген. Кәсіпкерлікті дамытуға шағын несие ұйымдары мен екінші деңгейдегі банктер арқылы кәсіпкерлерге несие алуға ықпал жасалуда. Аудандағы 4 шағын несие ұйым («КазМикроФинанс» ЖШС, «Ырыс» ЖШС, «Арнұр Кредит» ШҚҰ, «Түлкібас» НС) мен қорлары («Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ) арқылы 527 жеке азаматқа 873 млн теңге несие берілді.
Оның ішінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде 87 жеке азаматқа 219 млн 500 мың теңге несие берілді (2015 жылы 60 жеке азаматтарға 161,1млн теңге). Ауданда сонымен қатар, өнеркәсіп өнімі артып келеді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру мақсатында 2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауданда 1 ірі, 6 орта, 21 кіші және 4 қосалқы барлығы 32 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Оның ішінде белсенді жұмыс атқаратыны - 21, мезгілді жұмыс атқаратыны - 11.
Нәтижесінде 9 айда 12 076 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 340 млн теңгеге артты. Сонымен қатар, 2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауданға тартылған инвестициялар көлемі 7,4 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен 3 млрд 78 млн теңге, кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаржысы есебінен 1 млрд 121 млн теңге, банк несилері есебінен 3 млрд 226 млн теңге тартылған.
Abai.kz