Сенбі, 17 Мамыр 2025
Жаңалықтар 4567 0 пікір 28 Қазан, 2016 сағат 10:57

Прокурор "алматылық терроршыға" өлім жазасын сұрады

18 шілдеде Алматыда қанды шабуыл жасады деп айыпталған Руслан Күлекбаевты өлім жазасына кесуін сұрады. Ал оның сыбайластары ретінде айыпталғандарға үш жылдан 12 жыл түрме жазасын талап етті.

Күлекбаевқа террорлық акт жасады, күш құрылымдарының сегіз қызметкерін және екі бейбіт тұрғынды өлтірді, үш адамды өлтіруге талпынды, сондай-ақ қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш затты заңсыз жолмен жасады, алды, сақтады және өткізді, автомобильді ұрлады және кісі бостандығын шектеді деген ресми айыптар тағылған.

Тергеу нұсқасы бойынша, барлық шабуылдарды ол 18 шілдеді жалғыз өзі жасаған, осы әрекеті арқылы күдікті бұған дейін түрмеде отырған жылдары үшін полициядан кек қайтармақ болған делінеді. Бұған дейін оны заңсыз қару сақтап, ұрлық жасады деген айыптармен соттаған.

Қазақстан қылмыстық кодексінде өлім жазасы аса ауыр қылмыстарға қолданылады, дегенмен 2003 жылы өлім жазасын орындауға мораторий жарияланды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2692
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4411