Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4379 0 пікір 28 Қазан, 2016 сағат 10:47

Қазығұрттық 16 елді мекен көгілдір отынға қосылды

«Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойын лайықты табыстармен қарсы алу жолында көптеген игілікті шаралар өткізілуде. Сондай шараның бірі - Шарбұлақ ауылына табиғи газ жүйесінің қосылуы дер едім. Әрине, елді мекендерге табиғи газ жүйесінің қосылуы үлкен қуаныш. Әсіресе, күнделікті ағаш жарып, тезек теріп, күл шығарып жүрген аналарымыздың жұмысын жеңілдетеді». Бұл Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың 4,5 мыңға жуық тұрғыны бар шарбұлақтықтарға көгілдір отын жалғау салтанатында айтқан сөзі.

Қазығұрттықтар үшін бұл күн қуанышымен есте қалатыны анық. Өйткені, осы күннен бастап аудандағы 16 елді мекеннің, атап айтқанда Шарбұлақтан бөлек Ащыбұлақ, Жаңабазар, Жылыбұлақ, Жаңажол, Жаңаталап, Қарабастау, Тілектес, Үлгілі, Қарабау, Сынтас, Жұмысшы, Үшбұлақ, Махамбет Өтемісұлы ауылы, Үшбұлақ және Жіңішке елді мекендерінің тұрғындары көмір жағу машақатынан біржолата құтылып, өркениеттің игілігіне қол жеткізуде.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, ауданда жыл соңына дейін тағы осынша елді мекенге табиғи газ қосылады деп күтілуде. Жоспар толығымен іске асатын болса, аудандағы көгілдір отынмен қамту жұмыстарының көрсеткіші 65 пайызға жетеді екен. Өткенге көз жүгіртер болсақ, 2012 жылға дейін аудандағы 64 елді мекенннің небәрі 10-ы ғана көгілдір отынмен қамтылған болса, 2012-2014 жылдар аралығында табиғи газды тұтынушылар қатарына тағы 32 елді мекен қосылған болатын. Осы қарқын тоқтамайтын болса, ендігі бірер жылда аудан халқы толығымен табиғи газға қосылуы әбден мүмкін. 

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 437
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2071
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1743
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 897