Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3648 0 пікір 1 Қыркүйек, 2010 сағат 09:12

Әміржан ҚОСАНОВ. АТА ЗАҢНЫҢ АХИЛЛЕС ӨКШЕСІ

30 тамызда Конституциямыздың 15 жылдығын атап өтеміз. Погондылардың парадына тәнті боламыз, мерейтойлық маркалар шығарамыз, көңілді концерттер тамашалаймыз, даңғаза «домалақ» үстелдер өткіземіз. Ата Заңның атағын аспаннан бір-ақ шығаратын астамшыл да алдамшы арнауларды оқимыз.

 

Орынды сияқты. Өйткені кез келген елдің Ата Заңы қоғамның да, қоғамдық сананың да төрінде тұр уғатиіс. Керек десеңіз, ол құжат әрбір шынайы патриот­тың жүрегінен орын табуы қажет. Біз болсақ Қазақстан Конституциясын барша қазақстандықтар құлай сүйеді, мойындайды, құрметтейді деп айта аламыз ба? Қайдам...

Оның өзіндік себептері де бар.

Біріншіден, біздің Ата Заң заман көшінен кейін қалған!

Осыдан тура 15 жыл бұрын ол аяқ астынан өзгертіле салды. Асығыс-үсігіс әрі формальды түрде референдумға атсалысқан ағайын не істеп, не қойғанын өзі де байқамай қалған сияқты. Әрине, ол кезде биліктің өз уәждері де табылып жатты. Яғни «кеңестік халық шаруа­шылығынан нарықтық экономикаға көшу үшін жедел реформалар қажет. Олар қиын да қияметті болады. Ол шешімдерді сол кездегі Парламент қабылдай алмайды-мыс. Сондықтан заң шығару билігі (және басқа да өкілет­тіктер!) бір жерге, яғни президенттің қолында шоғырлануға тиіс».

Шынын айту керек, сол кездегі ресми насихат осы себеп-сылтауды жақсылап тұрып миға сіңіріп бақты. Жә, сол уәждердің реті де болған шығар.

30 тамызда Конституциямыздың 15 жылдығын атап өтеміз. Погондылардың парадына тәнті боламыз, мерейтойлық маркалар шығарамыз, көңілді концерттер тамашалаймыз, даңғаза «домалақ» үстелдер өткіземіз. Ата Заңның атағын аспаннан бір-ақ шығаратын астамшыл да алдамшы арнауларды оқимыз.

 

Орынды сияқты. Өйткені кез келген елдің Ата Заңы қоғамның да, қоғамдық сананың да төрінде тұр уғатиіс. Керек десеңіз, ол құжат әрбір шынайы патриот­тың жүрегінен орын табуы қажет. Біз болсақ Қазақстан Конституциясын барша қазақстандықтар құлай сүйеді, мойындайды, құрметтейді деп айта аламыз ба? Қайдам...

Оның өзіндік себептері де бар.

Біріншіден, біздің Ата Заң заман көшінен кейін қалған!

Осыдан тура 15 жыл бұрын ол аяқ астынан өзгертіле салды. Асығыс-үсігіс әрі формальды түрде референдумға атсалысқан ағайын не істеп, не қойғанын өзі де байқамай қалған сияқты. Әрине, ол кезде биліктің өз уәждері де табылып жатты. Яғни «кеңестік халық шаруа­шылығынан нарықтық экономикаға көшу үшін жедел реформалар қажет. Олар қиын да қияметті болады. Ол шешімдерді сол кездегі Парламент қабылдай алмайды-мыс. Сондықтан заң шығару билігі (және басқа да өкілет­тіктер!) бір жерге, яғни президенттің қолында шоғырлануға тиіс».

Шынын айту керек, сол кездегі ресми насихат осы себеп-сылтауды жақсылап тұрып миға сіңіріп бақты. Жә, сол уәждердің реті де болған шығар.

Алайда экономикалық реформалардың жүзеге асқанына он жылдан асып кетті емес пе?! Теледидарды қоссаң болды, қой үстіне тек бозторғайлар ғана жұмыртқалап жатыр ғой. Қой да көп, бозторғай да жеткілікті! Олай болса, неге енді сол құжатқа қайта оралып, сол кезде амалсыздан енгізілген өзгерістерді бүгінгі талаптарға сай түземеске?!

Ол кезде президент те басқа еді. Өз аяғымен Парламенттің комиссияла­рының отырыстарына барып, өз пози-циясын дәлелді түрде қорғап, депутаттармен санасып жүрді. Ғұмырлық елбасы дегенді ол кезді ешкім де аузына алмайтын. Президенттің өзі де!

Екіншіден, біздің Ата Заң - біртүрлі, қоғамдағы қитұрқы құбылыстар секілді ала-құла, екіұдайлы құжат.

Бір жағынан, онда өркениетті елдерге тән, демократиялық сипаттары бар жайттар жайында жап-жақсы-ақ жазыл­ған. Қалағаныңның бәрі бар сияқты  -  бостандық та бар, адам құқы бар, билік тармақтарының бөлінуі мен тепе-теңдігі бар. Керек десеңіз, биліктің бірден-бір қайнар көзі Ақорда емес, халық екені туралы бап та бар! Тап-тамаша да тұшымды тұжырымдар!

Алайда осыншама қағидаларды қарапайым қазақстандықтар күнделікті өмірінде көріп жүр ме?

Қайдағы «демократиялық» қоғам, егерде билікке титімдей сын айтқан кез келген адам жазаға тартылып жатса?

Қайдағы «әлеуметтік» қоғам, егерде миллиондаған адам қара нан мен қара суға қарап қалса?

Қайдағы «құқықтық» қоғам, егерде адамның туғаннан көріп танығаны құтырған бурадай зіркілдеген құқық қорғау органдары - парақор полиция, қарақшы қаржыпол, пәлеқор прокурор, үрейлі «үшәріп», сатқын сот болса?

Қайдағы «қоғамдық өмірдегі пікір алу­андығы», егерде біздің «АЗАТ» ЖСДП пар­тиясының жарғысын Әділет минис­тр­лігі он ай бойына қайта тіркемей жатса?

Қайдағы «сөз бостандығы», егерде сыни пікір айтуға батылы барған газеттер соттасумен әлек боп, «жәбір көрген» жоғары жақтың пәрменімен жабылып жатса?

Қайдағы «әділ сайлау», егерде барлық сайлау комиссияларында тек қана «Нұр Отанның» қитұрқы құлақтары мен көргенсіз көздері отырып, өздеріне қажет 91 пайызды қылмысты қолмен сызып жатса?

Міне, демократия қағидаларының қалтарыста қалуы және мәтіндегі сөз бен өмірдегі істің арасындағы антагонистік қарама-қайшылық -   біздің Ата Заңның қос Ахиллес өкшесі!

Осынау екі маңызды жайт, әрине, ел өміріндегі басты құжатқа деген жұрттың көзқарасына қылау түсіруде. Ата Заңға сенім жоқ, сол себепті арқа сүйеу жоқ. Ол әділетсіздікке кезіккен қарапайым адамға араша бола алмайды! Саяси түңі­лушіліктің бір көрінісі мынада: шы-­ныңызды айтыңызшы, құрметті оқырман, қоғам өмірінің негізгі құқықтық діңгегі боп табылатын осы құжатты Сіз білесіз бе? Оқып, танысып шықтыңыз ба? Онда тайға таңба басқандай жазылған өз құқтарыңыз туралы білесіз бе?

Тегін оқу, тиісті жұмыс орны, тұрғын үй, лайықты жалақы мен зейнетақы - осының бәрі Ата Заңда аталған! Ал сіз­дің осы экономикалық және әлеуметтік құқтарыңыздың баянды болуына өкімет жауап береді.

Өкінішке қарай, осы кепілдіктерді сізге бере алмаған жағдайда сол билік басындағылармен не болатыны туралы тіпті жазылмаған. Меніңше, осынау жауапкершілікті алдын ала сезіп, сол кезде билік басында болған авторлар осы жайында қасақана «ұмытып» кеткен. Әңгір таяқтың бір ұшы өздеріне тиіп кететінін алдын ала білген болса керек! Сондықтан биліктің жауапкершілігі туралы әңгіме келте қайырылған!

Ата Заңға сәйкес сіздің кез келген басшыға өз пікіріңізді ашық айтуға құқыңыз бар. Кез келген газетті оқуы­ңызға, оған сыни тұрғыда мақала жазу­ыңызға болады (әрине, дәлелді де дә- й­екті түрде!). Кез келген саяси пар­тияға мүше бола аласыз. Кез келген тақырып бойынша жиналыс, митинг, шеру өткізе аласыз. Кез келген партия не канди­датқа берілген сіздің дауы­сыңыз басқа партия не кандидатқа өтіп кетпеуге тиіс. Бұл да - Ата Заңның талаптары!

«Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады» делінген Ата Заңда. Ал іс жүзінде ше?!

Тапа-тал түсте ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен ең бір шұрайлы жердің дауы мен жырын кім айтады?! Ата Заңда маңдайы жарқырап тұрса да, осы күнге дейін дәрменсіз боп тұр­ған бір бап - мемлекеттік тіл туралы бап! Тіпті «ең елеусіз қалған бап» деген но­минацияға әбден лайық бап деуге болады!

Қазақ тілі шын мәнінде мемлекеттік болуы үшін, ең алдымен, ол өкіметтік, үкіметтік, шенеуіктік және бизнестік тіл болуға тиіс! Сонда ғана барлық ұлттың, соның ішінде сақау да мақау қазақтардың оған деген көзқарасы өзгереді! Әзірше Ақорданың, кез келген мемлекеттік органның кеңсесінің және бизнестің офистерінің төрінде мүлдем басқа тіл (тілдер?) қонжиып отыр!

Бір сөзбен айтқанда, Конституциядан қарапайым адамның иісі шықпайды. Азаматтың аты аталса да, атағы мен абыройы аяқасты қалған. Оның есесіне шенеуніктер мен олигархтардың мүңкі­ген иісі мұрын жарады. Ата Заңның тұла бойы - жеке басқа негізделген әрі табынған биліктің мүддесі мен мақсаты!

Айдай анық нәрсе - елдегі жағдайды түзегіміз келсе, Ата Заңды түзеуден бас-тауымыз қажет! Оны бүгінгі өскелең де озық заманның талаптарына сай етуіміз керек. Кез келген елдің Ата Заңы - оның «визиткасы». Ал біздің «визиткамыздың» түрі онша емес, ХХI ғасырда өмір сүріп жатқан өркениетті де дамыған елдер­дікінен әсте бөлек. Керісінше, орта- ғасырлық хандықтардың құжатына ұқсайды! Ондай «визиткамен» дамыған елдер клубына кірудің өзі ертең қиындап кетуі әбден мүмкін.

Басты заңда әрбір қазақстандықтың түпкілікті мүдделері қарастырылуға тиіс. Тек қана жазылып қоймай, сол баптарды өміршең ететін іс-шараларды да заңдарда анықтап қою қажет! Ол үшін алдымен Ата Заңның кейбір жақсы баптарын жаман ат етіп жүрген қолда­ныстағы заңдарды қайта қараған лазым. Не олардың антиде­мократиялық тұстарын жою керек!

Ең бастысы - «шанаңды жазда сайла» деген принциппен бүгінгі билік өз мәре­сіне жеткеннен кейін елдің Бас заңы қандай болады деген сауалға жауап іздейік!

Онда бір адамға және оның ат төбеліндей ғана айналасына тәуелді билік жүйесін түбегейлі қайта өзгерту керек! Билік тармақтарының шынайы тепе-теңдігін қалыптастыратын механизм жасалып, Президент, Парламент, сот жүйесінің бір-бірінен тәуелсіздігі паш етілуге тиіс.

Ондай нұсқа бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан демократиялық күштері ел Конституциясының жаңа демократиялық жобасын әзірлеген болатын. Онда Тәуелсіздік алғалы бері халық жағында жүрген партиялар мен жеке тұлғалардың саяси ұсыныстары жинақталған. Меніңше, осы жоба туралы әңгімені қайта жаңғыртып, қоғамға жаңаша қозғау салсақ, әбден дұрыс болар еді.

Ал билік, қарсы айтар уәжі болса, пікір таластырып көрсін біздермен!

Сөз соңында айтар бір маңызды жайт бар.

Біз Конституцияның халық билігін баянды етуге кедергі келтіріп жатқаны туралы көп айтамыз. Ол орынды да болар. Шынымен де, ондағы бір адамға ғана бағышталған билік жүйесі  Қазақстанның өркениетті елдер секілді демократия жолымен дамуын тежеуде.

Алайда біз неліктен осы (және де басқа!) құжаттардағы кейбір кертартпа баптарға қарап қалуымыз керек?! Керек десеңіз, бүгінгі Конституцияның өзінде жазылған басқа да баптардың әлеуетін пайдаланып та қоғамның өмірін өзгертуге болады емес пе?!!

Ол үшін жоғарғы жаққа жалтақтамай, «қылша мойын - талша» деп отыра бермей, азаматтық белсенділік танытып, өз құқтарымызды қорғауды үйреніп, демократиялық дағдыға айналдыруымыз қажет!

Ол үшін заңдардан емес, өзімізден бастауымыз керек!

Сонда ғана билік тәубасына келеді. Конституция бойынша биліктің бірден- бір қайнар көзі болып табылатын Халықпен санаса бастайды!

Осының бәрі орын алу үшін тағы бір нәрсе қажет: қолда бар Ата Заңның мәтінімен барша жұрт танысып шықса (әйтпесе «аңқау елге - арамза молда» принципін билік ұстанғанына дән риза!).

Сонда әрбір азамат неден, нендей құндылықтардан құралақан қалып жүргенін түсіне бастар еді. Мұның өзі қоғамдағы жаңа қозғауға себепкер болары сөзсіз.

 

Әміржан ҚОСАНОВ, «Азат» партиясының бас хатшысы

«Общественная позиция» газеті (проект «DAT» № 29 (66)  25 тамыз 2010 ж.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303