"ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТІН ҚҰРУДЫ" МАҚСАТЫ ЕТКЕН КҮН
Бүгін ұлы мейрам!
Қазақстан Республикасының егемендік декларациясы қабылданған күн!
Бұл күннің ресми мейрамдар қатарынан алынып тасталғаны қылмысқа пара-пар саяси қателік деп санаймын. Басты себебі Декларацияда жер, тіл, ұлт мәселелері айқын аталған, айтылған болатын. Мәселен, Декларацияда "қазақ ұлттық мемлекетін құру" деген нақты мақсат болатын.
Ерте ме, кеш пе ұлттың негізгі мемлекеттік мейрамдарының біріне қайта айналатын күн бұл!
Мейрам құтты болсын, ағайын!
Айдос Сарым
Facebook-тегі парақшасынан