ДИАСПОРА ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙТІН САЙТ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ
Бүгін сайтымыздың электрондық поштасына мемлекеттік тілдің жанашыры Руза Бейсенбайтегінен үшбу хат келіп түсті. Мәселенің ақ-қарасы анық болуы үшін Руза ханымның жазған хатын сол қалпында редакцияламай, түпнұсқада назарларыңызға ұсынып отырмыз:
«Қазақ жорналшыларына! Рател.кз атты ақпараттық портал әрбір мақаланың астында (обзор казахскоязычной прессы дегені бар) шовинистік пиғылдағы, қазақтілді сайттарды, жорналдарды қаралайтын, келемеждейтін пікірлерді қояды да, оған қарсы уәж айтқандарды қоймайды.
Мысалы, «7777»: «Некоторые казахские сайты начали открывать странички на русском языке. Популярность казахских сайтов ниже плинтуса. Чтобы как то увеличить число просмотров, казахские сайты вынуждены добовлять контент на русском языке. Кроме того у многих сайтов проблема с казахским контентом, на казахском языке все меньше интересного чтива, в основном псевдоистория, национализм и религия», деп жазған. Осыған қатысты мен төменде өз пікірімді келтірдім. Алайда сайт модераторы менің пікірімді жариялаған жоқ.
Менің: «7777» деген пікіршіге жазғаным: Кто вышел на митинги по землям? Кто протестовал, собирал подписи против замещения шк. и ВУЗовских предметов на английски, против удаления истории Қазақстана с ВУЗов? Кто выступает против китаизации страны, если это выразить одним словом? Не казахскоязычное ли население в основе своей? И кто это в первую очередь, в некоторых случаях в ед. числе освещал? Это последние события. Кто пишет, размещает статьи - доводы о давно назревшей реформе экономики, недопустимости хотя бы дальнейшего загрязнения территории РҚ разными гептилами, ядерными отходами и проч.? Кто бьет тревогу о последствиях вроде массовой гибели животных, освещает экспедиции по ним (кстати члены-казахскоязычны тоже) и.т.д. Кто постоянно порой очень остро критикует правительство и президента за все эти дела? Не казахскоязычная пресса в первую очередь? Так что уважаемый, 7777, не надо приравнивать Казахскоязычную прессу на статус вашей чтивости ее на казахском языке.
Өкінішке орай бұл пікірім жарияланған жоқ. Сосын порталдың Алматыдағы кеңсесіне хабарластым. Хатшысымен тілдестім. Ол кісі маған «говорите на русском» деп әзер жауап қайырды. Бас редакторы мен орынбасары да ұлты қазақ жігіттер екен. Жоғарыдағы жәйттардың барлығын дерлік бүкпесіз айттым. Өзін бас редактормын деп таныстырған Марат есімді жігіт қазақша сөйлеп тұрғанымен, менің талабым ескерусіз қалды. Сайттың модераторы өзі екен. Өзі айтты.
Содан кейін мен; «неліктен біздің салық төлеушілердің қалтасынан өмір сүріп отырып, 70 пайыз қазақ ұлтын, қазақ тілді жорналдарды тілдеген, келемеждеген пікірлерді ғана қоясыз?! Менікін де қойыңыз» дедім. Қоймады. Бірақ өшіріп тастады. Скринға түсіріп үлгердім. Енді бұларды алматылық жорналшылар сотқа беруі керек деп ойлаймын. Бұл бүкіл елдің қазақ жорналшыларын басынып отыр! Бұлардың үстінен «ұлтаралық қатынасқа сына түсіруші» деген айып тағуға болатыны 100 пайыз деп ойлаймын!».
Ресейдің мемлекеттік тілінде ақпарат тарататын «Ratel.kz» порталы мақалаларында есім-сойын жасырған әлдекімдер ұлтаралық араздықты қоздыратын әм тілдік дискриминацияға жол беретін пікірлер жазыпты. Тіл жанашыры Руза Бейсембайтегінің сөзіне сүйенсек, портал редакциясы да осы ауандағы пікірлерді құптап отырған секілді. Ал альтернативті пікір жариялауға редакция басшысы рұқсат бермеген екен.
Сөздің шыны керек, соңғы жылдары Қазақстанның ақпарат кеңістігінде қазақ тілді интернет сайттардың, соның ішінде ақпарат таратумен айналысатын тораптардың қарасы көбейді. Әсіресе, ескі биліктің міндеттеп берген, бүгінгі Ресейдің мемлекеттік тілінде жұмыс істейтін тораптардың тоқырауға ұшырап, мемлекеттік тілде сөйлейтін сайттарға сұраныс артты. Әрине, қазақ тілді азаматтардың саны 8 миллионның үстіне шыққанын ескерсек, пропорционалды есеп солай болуы тиіс-ақ.
Десе де, еліміздегі этникалық топтың, нақтылап айтсақ орыс диаспорасының тілінде ақпарат тарататын әріптестеріміздің кейбір түсініксіз әрекеттері әшкерелене бастады.
Әсіресе нақақ айып пен дерексіз айтылған көпірме көп пікірге төрін берген «Ratel.kz» порталының мемлекеттік тілді менсінбегені қалай?
Нұрзат Тоғжан
Abai.kz