Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Мәйекті 5732 0 пікір 1 Қазан, 2016 сағат 12:24

ҰҚК: "ЖИҺАДШЫЛАР ТЕРАКТ ЖАСАУЫ ӘБДЕН МҮМКІН"

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Белісбековтың айтуынша, соңғы жылдары сан алуан террористік акциялардың алдын алу шаралары атқарылып, жүздеген адамның xалықаралық лаңкестік ұйымдарға қосылуына жол берілмеді. Дегенмен, Сириядағы әскери қақтығыстарға қатысып жатқан Қазақстан азаматтары бар. Бүгінде олардың арасында радикалды көзқарасқа бой алдырғандар аз емес. Әскери дайындығы да жоғары. Сондықтан ондай азаматтар елге қайтіп келгеннен кейін террористік акт жасауы әбден мүмкін, - деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сәйкес, соңғы бес жылдың ішінде сан алуан мақсаттағы 64 террористік және экстремистік акциялардың жолы кесілді. Ал ағымдағы жылы ондай 9 әрекет әшкереленді.

«Ауғанстан, Ирак пен Сириядағы әскери қақтығыстар басталғалы бері xалықаралық террористік ұйымдардың белсенділігі арта түсті. Осы уақытқа дейін террористік лагерьлерден 45 Қазақстан азаматы депортацияланды. Өз еркімен оралған адамдар да аз емес. Жалпы, бес жылдың ішінде 445 адам сотталды. Жыл басынан бері 25 адамға қатысты үкім шығарылды, тағы 50 жуық адам уақытша қамау изоляторында отыр», - дейді Н.Белісбеков "Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары" тақырыбындағы "дөңгелек үстел" отырысы барысында.

«Қазіргі кезде біз ондай адамдарды ары кетсе, 7 жылға соттай аламыз. Бұл - ең жоғарғы жаза. Сондықтан осы мәселені реттеу керек деп санаймыз», - деп атап көрсетті Н.Белісбеков.

Арман Асқаров

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019