Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3863 0 пікір 26 Қыркүйек, 2016 сағат 17:51

Шымкенттік студент республикалық «Абай оқулары» байқауынан І орын алды

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі республикалық «Абай оқулары»  байқауында І орынды Оңтүстік Қазақстан облысының  2 курс студенті Сайдазимова Унсунай Муратқызы иемденді. Бұл туралы «Абай ақпарат» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аталған байқау мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттырып, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау мақсатында   дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған шараға облыстық байқауларда топ жарған жастар қатысты. Ұлы Абайдың шығармаларын жатқа айтып қана қоймай, мәнерлеп оқып берді.

Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Н.Шарафиев Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 2 курс студенті У.Сайдазимованың жеңісімен құттықтап, жоғарғы оқу орнының ректоры О. Аяшевқа құттықтау хат жолдады.

 

Дереккөзі: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320