Жұма, 22 Қараша 2024
Мәйекті 13731 2 пікір 26 Қыркүйек, 2016 сағат 13:58

ҚАЗАҚША ЖАРНАМА НЕГЕ ҚАТЕ?

ELSANA-AMANAT қоғамдық қоры мен «Нұр Отан» партиясының «Жас отан» жастар қанатының Астана қалалық филиалы бірігіп, қоғамдық және мемлекеттік тараптар арасында диалог орнату мақсатымен, «СҰХБАТ-АЛАҢ» жобасының алғашқы отырысын 2016ж 23 қыркүйекте өткізді. Жобаның алғашқы отырысы «ҚАЗАҚША ЖАРНАМАНЫ КҮШЕЙТУ ТЕТІКТЕРІ» тақырыбына арналды. Жоба жөнінде осы сала бойынша маман Земфира Ержан ханым баяндама жасады.

Отырысқа  публицист, мәдениеттанушы Серік Ерғали  модератор болды. З.Ержан өзінің баяндамасында қазақша жарнамадағы қателіктің түпкі негізі жарнаманың локалданбай отырғандығынан, яғни елдің тілдік ерекшелігіне,рухани құндылығына сәйкес бейімделмей, механикалық жолмен аударыла салуында екендігін және қателердің бақылаудан тыс қалғандығын келтірді.  

Отырысқа қатысқан БАҚ өкілдері мен жарнамашылар бұл мәселе бойынша түрлі бағытта жобалар атқарылуы керектігін айтты. Бұған әсіресе, жарнама агенттіктерін тартып, арнайы түрде қаралуы қажеттігін және бұл салада санаулы монополист агенттер бар екенін жасырмады. Түптеп келгенде олар қазақша жарнаманы болмашы ақыға білімі мен білігі төмен мамандарға жасата салатыны жария етті. 

Жарнама мәселесіне тиісті тіл саласының органдары араласпай отырғандығы да сөз болды. Жергілікті өңірлердегі қазақша жарнаманың қателігі кейбір тіл саласындағы мемлекет тарапынан бақыланатын  ұйымдар тарапынан  жасалған жүйенің дұрыс еместігі, әрбір өңір бойынша 1-2 маман отырып, мәтінін тексеретіндігі мүлдем логикаға сыймайтындығы айтылды. Мұндай жүйе монполияланбай коммерциялық және қоғамдық тарапта атқарылуы керектігін және кететін қателерге атқарған мемлекеттік емес құрылымдар жауап беру тиістігі көрсетілді.

Өкінішке орай, «Сұхбат-алаңда»  көзделген тараптардың диалогы орнай қоймады, өйткені, қазақтілді орта үшін маңызды мәселеге шақырылған Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақпарат және коммуникация министрліктері тарапынан ешбір қызметші қатыспады.

Дегенмен, «Сұхбат-алаң» өзінің мұратына сәйкес  жарнама мәселесіне жауапты тараптардың әлі де болса басын қосып, істі тиянақтау қажет деген қортындыға келді. ELSANA-AMANAT қорының президенті С.Ерғали аталған жоба бойынша болашақта мемлекеттік органдармен үйлесе жұмыс жасайтындарына сенімді екендерін білдірді.

Abai.kz

           

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320