Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3117 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 16:49

ОҚО: Қаратау ауданының 5 елдімекеніне 2018 жылға дейін газ беріледі.

ОҚО Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданының 5 елдімекен мен жаңа құрылыстарына 2018 жылға дейін газ беріледі, - деп хабарлайды Абай-апарат.

Жалпы, Қаратау айданындағы табиғи газ мәселесіне келсек, отыз елді­мекеннің 33%-да, 70 мыңдай тұрғында көгілдір отын жоқтың қасы. Олардың қата­рында Асар-2, Бозарық, Достық, Азат, Таскен, Тассай, Тұран және Қайнарбұлақ саяжайы, Қай­нарбұлақ тұрғын алабы бар. Былтыр бюд­жеттен 100 млн теңге бөлініп Ақжайық, Таскенге және Мирас саяжайында құбыр тарту жұмыстары басталып, ол жұмыстар келер жылы толығымен аяқталады. Өзге 5 елдімекен мен жаңа құрылыстарға 2018 жылға дейін газ беріледі. Жұрт алдағы үш жылға толығымен көгілдір отынға қол жеткізеді.

Жұртты толғандыратын мәселелердің қатарында сапалы электр энергиясымен қамту, көшелерді жарықтандыру да бар. Бұл жұмыстар бойынша да кешенді шаруалар жасалып жатыр.

"Қаратаулықтар толығымен жарықпен қамтылған. Десе де, электр энергиясын тарататын 488 трансформатордың 203-і жекенің қолында. Бұл 46 пайызды құрайды. Сапасы да сын көтермейді. Себебі, 100 үйге арналған трансформаторға 200 үй қосылады да, жарық әлсіз болып қалады. Жиі өшетіні тағы бар. Осыған орай, қазынадан қаржы қаралып, Ақжайықта, Қайтпаста, Қайнарбұлақта, Бозарықта, Достықта электр жарығымен қам­та­масыз ету мақсатында, жұмыстар жүр­гізілуде. Келесі жылы мәселе шешімін табады. Сонымен, 9 елдімекенге 2016 жылы, 11-іне 2017 жылы талапқа сай трансформаторлар қойылады. Қалған 30%-ы 2018 жылы шешіледі деп отырмыз" дейді аудан әкімі Ғалым Исмайлов мырза.

"Көшелерді жарықтандыруда әлі де қиын­дықтар баршылық. Мәселен, аудандағы 81 көшеге шамдар қойылған. Бұл елді­мекендердің орталық көшелері. Өзге көшелер жарықтандыруды қажет етеді. Сұраныс екі-үш есеге көп. Қараңғы, мектепке бару қиын­­­ға соғады. Нұрсәт шағынауданында 117 үй жарық, қалған 106 үйде шамдар қою керек. Бюджетке ұсыныс бердік, қалай қаржы бөлі­неді, көшелер жарықтандырылады" дейді ол.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440