Жаңалықтар
2508
21 Желтоқсан, 2016 сағат 16:20
Жердің сортаңы кетеді деген үміт бар
Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жерлерінің сортандану (тұздану) мәселесі туындап отыр. Сол себепті ҚР ауыл шаруашылығы академиясының ғалымдары мен докторлары және профессорлары Оңтүстіктің жеріне үлкен мән беріп отыр.
Жалпы Оңтүстік өңірі республикадағы бірден бір аграрлық аймақ.
Бүгінгі таңда, барлық 566,3 мың га суармалы жердің 186 мың га тұзданған, оның ішінде 93,6%-ын Мақтарал, Шардара, Отырар аудандары мен Арыс қаласының жерлері.
Ағымдағы жылы 531 шақырымдық 46 су нысандарына облыстық бюджеттен 3,9 млрд. теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар аяқталған жағдайда, 30 мың га суармалы жердің жағдайы жақсарып, 1,5 мың га суармалы жер жаңадан айналымға қосылуы мүмкін.
Бүгінгі таңда Ауыл шаруашылығы министірлігі Ислам Даму Банкімен жер асты суаларының деңгейін төмендетуге бағытталған жобаларды жасақтауда. Аталған жұмыстар нәтижесінде Мактарал ауданында 210 дана, Шардара ауданында 302 дана тік дренажды ұңғымалар қайта құрылмақ. Нәтижесінде Мақтарал ауданында 37 059 га және Шардара ауданында 64 315 га суармалы жердің мелиоративтік жағдайы жақсарады.
Отырар ауданындағы Шәуілдір алқабындағы ішкі коллекторлық дренаж жүйелерді қайта құру жобасы Европа қайта құру және даму Банкі арқылы қаржыландыру бағытында жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы жоба, 12,0 мың га суармалы жердің мелиоративтік жағдайын жақсартуға қол жеткізіледі.
Одан бөлек, Отырар ауданының суармалы жердің сумен қамтамасыз етілуін және 5 мың га жаңадан суармалы жер қосу мақсатында, бүгінгі күні Европа қайта құру және даму банкімен 4,4 млрд теңгеге «Сырдария-Арыс» каналын қайта құру жұмыстарының мәселесі пысықталды.
Сондай-ақ, Дүние жүзілік даму банкінің қаржыландыруымен ИДЖЖ-2 бағдарламасы арқылы Мақтарал ауданында 39 757 га, Шардара ауданындағы 20 630 га және Түркістан қаласында 10 000 га жерге суару жүйелерінің қайта жаңарту және қайта құру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда, Австралиялық «SMEG» фирмасы аталған бағдарламаға жобалау жұмыстарын жүргізуде.
Жоғарыда аталған жобалардың аяқталғанда 2018-2020 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында суармалы жерлердің тұздану мәселесі толығымен шешімін таппақ.
Абай-ақпарат