ОҚО шаруаларының өнімдері Ресей нарығына шығарылады
Кеден Одағы елдерінің аясында Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары ауыл шаруашылық өнімдерін Ресейге экспорттауды қарқынды жүзеге асырып отыр. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы хабарлайды.
Жылды қорытындылаған ОҚО Ауылшаруашылық басқармасының қорытынды есебіне назар аударсақ, Мәскеу және Мәскеу облысымен сауда қатынастарды дәрежелі жолға қою, сондай-ақ аймақтық жобаларды бірегей іске асыру үшін Ресейдің астанасына ОҚО-ның 30-дан астам алдыңғы қатарлы кәсіпкерлер өз өнімдерін Мәскеуге жеткізген.
Сондай-ақ, біз Мәскеу облысында логистикалық орталығын ашу мүмкіндігін қарастырылу үстінде.
Экспортталып жатқан тауарлар санатында ауыл шаруашылығы және азық-түліктік өнімдері (қауын, жүзім, шабдалы, жуа, ұн өнімдері, минералды су), ұлттық қазақ қиімдер және кәдесыйлар бар.
Осы тұста айта кетерлігі үстіміздегі жылы Мәскеуде өткен ОҚО делегациясының дөңгелек үстелінде бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойылған. Мысалы:
- «Шымкент Инновация» ЖШС мен «Инновациялық энергетика» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- «Шымкент Инновация» ЖШС мен «ВАЭС-Инжиниринг» ААҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- «Шымкент Инновация» ЖШС мен «Soil Grip» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- «Шымкент Инновация» ЖШС мен «Арман» АҚҚ (Санкт-Петербор қ.) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- «Шымкент» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ» мен «Мәскеу облысының даму корпорациясы» ААҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.
- Ресейлік туристтік индустриясының одағы және «Оңтүстік-Қазақстан облысының туризмін дамыту орталығы» қауымдастығы» қоғамдық бәрлестігі арасындағы туризмді дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсінушілік туралы шартқа;
Жалпы алғанда Мәскеу мен Мәскеу облысында қол қойылған шарттардың қаржылай көлемі алдынғы санаулар бойынша 300 млн. АҚШ долларын құрады.
Сөйтіп алдағы уақытта Оңтүстік шаруалары өз өнімдерін Ресей нарығына шығаратын болады.
Абай ақпарат