Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3039 0 пікір 21 Желтоқсан, 2016 сағат 15:31

«Алтын асық» шаруалардың ісін ілгерілетті

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында «Алтын асық» бағдарламасы бойынша қарқынды жобалар іске асырылуда. Бұл туралы «Abai.kz» порталы хабарлайды.

Атап айтар болсақ, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша биыл өңірде 38,1 мың бас қой сатып алынған. Тұқымдық түрлендіруге 211,7 мың бас аналық ІҚМ қатыстырылады.  Жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 12,3 пайызға жеткен. Бұл Республика бойынша 12,9 пайызды құрайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіптік кешенінің желтоқсан айындағы мәліметтеріне сүйенсек, биыл өңірде «Алтын асық» бағдарламасы бойынша ұсақ мал шаруашылығына айтарлықтай қолдау көрсетілуде.

Аграрлық сектор – халықтың қолайлы өмiр сүруi үшiн қажет әрi маңызды сала. Халықты азық-түлiк өнiмдерiмен қамтамасыз ету осы саланың еншiсiнде болғандықтан, аграрлық сектордың елiмiздiң экономикалық, әлеуметтiк өмiрiнде айрықша орын алатыны баршамызға белгiлi. Сондықтан да мемлекет бұл салаға ерекше қолдау танытып келедi. Соңғы кездерi әлемде болып жатқан түрлi саяси және әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстер Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына да әсер етiп, аграрлық секторға жаңа технологияларды енгiзу, инвестиция тарту, қажет болса реформа жасауды талап етуде.

Елбасы «Қазақстан – 2050: бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» атты Жолдауында Қазақстанның ет және сүт өнiмдерiн экспорттайтын өңiрлiк iрi елге айналуға тиiс екенiн қадап айтқан болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Оңтүстiк Қазақстан облысында да мал шаруашылығын дамыту, ет және ет өнiмдерiн өндiруге ерекше көңiл бөлiнуде. 2015 жылдың 1 қазанындағы мәлiмет бойынша, облыста iрi қара малдың саны 859,0 мыңға, қой мен ешкiнiң саны 4 млн 111 мыңға, жылқы –224,0 мың, түйе 23,4 мыңға, құс басы 2 млн 460 мыңға жетiп отыр. Сәйкесiнше, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда ет өндiру – 5,0%-ға, сүт – 2,0 %-ға, жұмыртқа өндiру – 6,2%-ға артты.

Абай-ақпарат 

            

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5539