Биыл Оңтүстікте мал басы артты
Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл Оңтүстік Қазақстан облысында мал басы артқан. Бұл туралы «Abai.kz» порталы хабарлайды.
2016 жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіптік кешенінің желтоқсан айындағы мәліметтеріне сүйенсек, өңірдің мал шаруашылығында төрт түлік саны былтырғымен салыстырғанда айтарлықтай өскен. Нақтылап айтсақ, Ірі қара малдың саны 849,3 мыңды құрады. Бұл жалпы өсімнің 4,3 %-ын құрайды.
Ал өңірдегі ұсақ малдың өсімі 2,2%-ға өскен. Облыс көлемі бойынша қой мен ешкі саны 3888,7 мыңға артқан. Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің агросекторында алдыңғы өңірлер санатында. Өңірдегі шаруалардың шапшаң тірлігінің нәтижесінде биыл жылқы шаруашылығы айтарлықтай алға жылжыған. Өңірдегі желтоқсан айының есебі бойынша өсім көлемі 8,8%-ға жеткен. Бұл дегеніңіз 232,3 мыңды құрайды.
Сондай-ақ, түйе шаруашылығы да жолға қойылған. Биылғы жылғы қорытынды бойынша шаруашылық өсімі 3,0%-ды, 23,4 мың басты құраған.
Оңтүстік өңірдің шаруалары былтырдан бері құс шаруашылығына ден қоя бастағанын хабарлаған ек. Жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі құс басы 98,2%-ға артып, 2415,2 мыңға жеткен.
Оңтүстік Қазақстан облыстық агроөнеркәсіптік кешені жүргізген зерттеулер бойынша шаруалар жылды табысты қорытындылап отыр.
Абай-ақпарат