Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2087 0 пікір 21 Желтоқсан, 2016 сағат 12:04

Құнарсыздануға қарсы күрес

Жыл есебінде зиянкестермен күрес нәтижелері де көрсетілді. Мәселен, биыл Оңтүстік Қазақстан облысында саяқ шегірткесіне қарсы жұмыстар 26,7 мың га жерге жүргізіліп, жұмыстар толығымен аяқталған. Үйірсіз саяқ шегірткесіне қарсы күрес жұмыстарына облыстық бюджеттен 48 млн теңге қаржы жұмсалған. Сөйтіп, шегіртке түрінен шаруаларға биыл зиян тартпады.

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков шарушашылық маусымын қортындалаған аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді еді.

Сол өткен жиында Серік Тұрбеков шаруашылық саласындағы шегірткемен күресудегі жұмыстарды баяндаған болатын. Облыста шегірткелердің 122 түрі болса, соның 4 түріне қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Қалған түрінен шаруаларға келер қауіп жоқ. Саяқ шегірткелердің шығу орындарында мароккалық шегірткелердің аралас болуына байланысты өңдеу жұмыстары «Өсімдік қорғау» мекемесімен бірге жүргізілді. Өңдеу жұмыстарына 22 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 26,7 мың га жер залалсыздандырылды.

ОҚО аумақтық инспекция тарапынан 91,37 мың га жерге марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілгені айтылған еді. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі аумақтық инспекцияның өкілі биыл көктем айлары өте қолайсыз болып, жиі жауған жаңбыр мен шөптің биік өсуі әсерінен жүргізілген өңдеу жұмыстары күтілген нәтижені бермегенін де сөз болды.

Соның салдарынан марокколық шегірткелер 27,6 мың га дейінгі алқапқа жайылып кеткен ұлғайған. Сөйтіп, зиянкестерді жою бағытындағы жұмыстар еселеніп, республикадан қосымша қаржы бөлінді. Мамандар шегірткемен күрес жұмыстарын сәтті аяқтады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562