Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2452 0 пікір 21 Желтоқсан, 2016 сағат 12:04

Биыл егістік жердің көлемі өсті

ОҚО облысы бойынша жүріп жатқан шаруашылық саласындағы жыл қортындыларында Сарыағаш ауданындағы биылғы іске асырылған жұмыстар да сөз болды. Мәселен, «Арсен» кооперативі мал шаруашылығын енді өзімізде өндірілетін жеммен толықтай қамтамасыз еткен. Дихандар сырттан әкелінетін мал азығына қарағанда жергілікті жемнің сапасы жоғары әрі бағасы да арзан екеніне дән риза.

«Шыңғыс» ЖШС базасында жемді қайта өңдеуге арналған цех өз жұмысын бастаған. Цехтың құрылыс жұмыстарына кеткен шығын аз емес — 35 млн теңге. Алайда дихандардың қымбат мал азығын өзге аймақтардан сатып алғанша, өзіміз өңдегеніміз тиімді екеніне көздері жетті.

Нұрболат Талипов, Сарыағаш аудан әкімінің орынбасары: «Былтыр ауданда мал бордақылайтын 132 кішігірім алаңша ашылған болатын. Енді соларды жеп-шөппен қамтамасыз ету үшін цехты ашып отырмыз. Ауданымыз — аграрлы өлке, бір шетінен адамдарды да жұмыспен қамтып отырмыз. Енді барлық отбасылық шағын фермалар мал азығын осы жерден алатын болады».

Сарыағаш ауданында кеңес өкіметі кезінен бері жемді қайта өңдейтін 17 цех жұмыс жасайды. Алайда ескірген жабдықтар тұрғындарды тек 30-40 пайыз жеммен ғана қамтамасыз етіп келген. Ал жаңа жабдықтармен жабдықталған өндіріс орны енді сағатына 5 тоннаға дейін қайта өңдеп, өзге де қажеттілікті өтеуге мүмкіндік береді.

Жиенбай Шыңғысов, «Шыңғыс» ЖШС төрағасы: «Қазір бізде барлығы дайын. Тек тазалау, майлау сияқты ұсақ-түйек жұмыстар ғана қалды. Шөптерді әкелісімен жұмысты бастаймыз. Сонымен қатар дайын өнімді сақтайтын жер де болады және осы жерде малдарды жемдейтін боламыз.»

Ауыл-өндірістік кооперативі осылайша мал шаруашылығын дамытуға ықпалын тигізіп отыр. Тек Жиенбай Шыңғысовтар шаруашылығының өзінде биыл бір жарым мың бас ірі қара малды бордақылайтын цех ашылғ.

Мұндай шаруашылыққа жемнің қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Ал әлеуметтік-өндірістік кооперативі жемді қайта өңдейтін тағы бір цехты іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл кооперативтің барлық шығынын жабады дейді шаруа басшылары.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566