Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мың бір мысал 5092 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 20:49

ЕНДІГІ ЖЕТПЕГЕНІ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНА ТӨРЕҒАЛИДЫҢ АТЫН БЕРУ ЕДІ...

Алматы қаласындағы Наурызбай ауданында орналасқан №154 мектепте әнші Төреғали Төреәлі атындағы мәжіліс залы ашылды. Бұл жөнінде әншінің директоры Фариза Аспандиярова өзінің инстаграм парақшасында былай деп жазды:

«Бүгін бізде тағы бір қуанышты жаңалық. Наурызбай ауданындағы, нөмірі 157-ші мектептің ішінен Ұлы Дала баласы - Төреғали Төреәлі атындағы “Мәжіліс залы“ ашылды. Ендi мектептің барлық іс-шаралары осында өтетін болады» деп жазды Фариза ханым. Оның айтуынша, мектеп басшылығы тарапынан Төреғалиға ұсыныс жасалған. Әнші оны қуана қабыл алып, 15 желтоқсанда ашылу салтанатына қатысты. Ән айтып, №157 мектептің оқушылармен қауышты.

Әнші бұған дейін де аталған мектеп оқушыларымен 1 қыркүйекте кездескен еді. Енді мектептегі түрлі іс-шаралар мен мерекелік концерттер «Ұлы дала баласы Төреғали Төреәлінің атындағы мәжіліс залында» өтеді екен. Залды ашу идеясын оқушылар мектеп басшылығына ұсынған. Олар балалардың ұсынысын қабыл алып, Алматы қаласының әкімдігімен келісе отырып, «Ұлы дала баласы Төреғали Төреәлі атындағы мәжіліс залын» ашты.

P.S.

Төреғали - жақсы әнші, ел ықыласына бөленген азамат. Бірақ, мемлекеттік мекемедегі мәжіліс залын жас әншінің атына беруді қаламайтындар бар. "Бұл жағдай елде белең алатын болса, ертең-ақ зарарын халық тартатын болады", - дейді әншінің атына мәжіліс залының берілуін құп көрмейтін көпшілік. Олардың ойынша, қазақтың аптал тұлғаларын ұмытып, кеше ғана сахнаға шыққан азаматты бұлай әспеттеу - шектен шыққандық. Оқу орнының жұмысының шалағайлығын көрсетеді. Төреғали сол мәжіліс залына атын бермесе де, елдің көзқуанышы болып журері анық. Енді Төрағалидың бақталастары қызу іске кіріседі деген сөз.

"Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Жая Мұса, Әсет Найманбайұлы, Тәттімбет, Құрманғазы, Н.Тілендиевтерге берілуі тиіс мәжіліс залдарының атын неге өзгелер иеленіп кетуі керек?.." - дейді жоғарыдағы жаңалықты жатырқай қабылдаған қауым.  

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566