Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2605 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 15:03

Кооперативке бірігудің пайдасы туралы не білесіз?

«Қазагро» ұлттық холдингі биыл көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарына 60 млрд теңге бөлетіндігін айтқан болатын. Алайда, бұл қаржыға ие болу үшін шаруа қожалықтар кооперативке бірігуі тиіс.
Копперативке (кооперация) бірігу дегеніміз не? Бұл сөз шаруалар үшін жаңалық емес. Себебі, бұл сатыдан дихан қауым бір кездері өткен. Десек те, жаңа заңдағы анықтамада:
Жаңа заң бойынша кооперацияға біріктіру ерікті түрде жүргізіледі. Оған қосылу-қосылмау дихандардың өз еркінде.

Ауыл шаруашылығы кооперативі (бұдан әрі – кооператив) – табыс алу, кооператив қатысушыларының тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге (қызмет көрсетуге) деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, сондай-ақ, кооператив жарғысына сәйкес өзге де мақсаттарда жеке және (немесе) заңды тұлғалар өндірістік кооперативтің ұйымдық-құқықтық нысанында құрған ұйым.

— Бұл жердегі шаруалардың бірігуінде ешқандай зорлық болмайды. Олар экономикалық көзқарас тұрғысында бірігеді. Бізде ары кетсе 3-5 гектардан 10 гектарға дейін жерге ие шаруа қожалықтар бар. Шағын ғана көлемдегі егіс алқаптан өнім алумен қатар техника алудың өзі тиімсіз. Сондықтан, «Көктемнің бір күні жылға азық» деген. Барлығын уақытында тиімді пайдалануға тырысу қажет. Кооперативке біріккенде мүшелері басшыларын өздері тағайындайды. Өздеріне есеп беріп отырады. Жер ерекшелігіне, құрылуына қарай өз жарғысы, өз регламенті болады. Бұрын шаруалардың кооперативке бірігуі туралы Заң болатын. Олардың бірі екіншісіне қарама-қайшы келіп жататын. Жаңа заңда олардың барлығы біріктірілді. Енді соның талаптары бойынша жұмыс істейміз, — дейді П. Жұматайұлы.

КООПЕРАТИВКЕ БІРІГУДІҢ ТИІМДІЛІГІ:

  • Әр адам бір дауысқа ие болады. Түсінікті тілмен айтқанда, 300 га жері бар шаруамен 3 га жері бар диқанның дауыс күші бірдей
  • Коммерциямен айналысуға мүмкіндік бар (бұрынғы заңда бұған тыйым салынған)
  • Мемлекет тарапынан лизингке техника алуға қол жеткізеді
  • Кооперация мүшелері өздерінің үлес пайызына қарай тиісті пайдасын алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566