Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3462 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 14:45

Түйе тұқымын асылдандыратын палата

Бүгінде мал басы көбеюі әрі қоңды болуы үшін тұқымын асылдандыру мәселесі алдыңғы орынға шығып отыр. Төрт түлік – ырыс болса, түйе соның ірісі…

Биылдан бастап елімізде төрт түлікті асылдандыру бағытында Шымкент қаласында «Түйе тұқымдары» республикалық палатасы құрылып, жұмысын бастады. Палатаның ашылуына орай Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында осы салада тер төгіп жүрген ауыл шаруашылығы ғалымдары мен мамандары бас қосып, келелі кеңес құрды.

Жиынға ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик Көпмағамбет Елемесов қатысып осы саладағы түйіні тарқатылуы тиіс мәселелерге тоқталып өтті.

Статистикалық деректерге сүйенсек, биылғы жылдың басындағы санақпен қазір елімізде 170 500 түйе бар делінеді. Соның ішінде тек 10 376-сы , яғни 6%-ы ғана асыл тұқымды.

Көпмағамбет Елемесов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик:
«Түйе тұқымдары» палатасының ашылғаны осы салаға қатысты біраз түйіткілді мәселенің шешімін табуына түрткі болары сөзсіз. Түйе тұқымының соншалықты азып кеткен тұсында, асылдандыру мәселесі әлдеқашан қолға алынуы тиіс еді. Асыл тұқымды мал басы Ойсыл қара тұқымында ғана емес, Зеңгі баба, Қамбар ата, Шопан ата тұқымдарында да тым төмендеп кеткен.

Бұл көрсеткіш еліміз бойынша мүйізді ірі қарада 17,0 пайыз, қойда 13,8 пайыз, жылқыда 7,0 пайыз екенін ескерсек, түйе өсірумен айналысатын шаруашылықтардың алдында мал тұқымын асылдандыру үшін үлкен міндеттер тұрғанын аңғаруға болады.

Сондай-ақ, түйе тұқымынан өзге асыл тұқымды мал басын күтіп-баққаны, селекциялық жұмыстар жүргізіп, талапқа сай сапалы өнім өндіргендері үшін тауар өндірушілерге жыл сайын мемлекет тарапынан субсидиялар төленіп келеді.

Бұл жәрдемақылардың шаруашылықтарға қосымша көмек болып жатқаны рас. Түйенің басқа түліктерге қарағанда физиологиялық және анатомиялық ерекшеліктерінің бар болуына байланысты түйе өсіру саласының кейбір көлеңкелі тұстарына күн түсуі тиіс жақтары баршылық.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584