Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2574 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 14:30

Облыстағы түйенің 48 пайызы Созақта

ОҚО аумағында түйе шаруашылығын дамыту жоспарлы түрде іске асып келеді. Мәселен, облыстағы түйенің 48 пайызы Созақ ауданында. Сол себепті қымыран өндіруді де жолға қою жоспарда бар. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ауданда түйе шаруашылығымен айналысатын азаматтардың басын қосып, «Аруана» деген кооператив құрылған. Қазір ғимараты дайындалуда. «Ырыс» қаржы ұйымынан 12 миллион теңге несие алып, оның 8 миллионын құрал-жабдықтар алуға жұмсалған. Жыл соңына дейін оны орнатып, пастерленген қымыран шығаруды қолға алу жоспарланып отыр. Ауданда жылына 12 мың тонна тірі салмақта ет, 14 мың тонна сүт өндіріледі. Екі жерде мал сою алаңшасы ашылған.

Бүгінде мал басы көбеюі әрі қоңды болуы үшін мал тұқымын асылдандыру мәселесі алдыңғы орынға шығып отыр. Ата-бабамыз ежелден құрық ұстап, жылқы үйіріп, қой қайырғандықтан бұл кәсіп бізге таң емес. Сонау ықылым замандардан бері әжетке жарап келе жатқан мал тұқымының азып, ұсақталып кеткен кездері де болған. Бүгінде осы салаға көптеп көңіл бөлініп, мал тұқымын асылдандыруға ерекше мән беріліп жатыр. Сең қозғалды. Енді аталған мәселе бағдарламалар арқылы емес, арнайы палата құру арқылы шешіледі.

Төрт түлік – ырыс болса, түйе соның ірісі…

Биылдан бастап елімізде төрт түлікті асылдандыру бағытында әр облыстың ерекшелігіне қарай арнайы палаталар құрылуда. Шілде айында еліміз бойынша тұңғыш рет Ақтөбеде «Жылқы тұқымдары» палатасы, ал Талдықорғанда «Қой тұқымдары палатасы» құрылған болатын. Ал, жуырда Шымкент қаласында «Түйе тұқымдары» республикалық палатасы құрылып, жұмысын бастады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584