Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2119 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 13:44

ОҚО да жұмыссыздық жойылған ауыл бар

«Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының өкілі Нүркен Әлімқұлов және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Базарбек Омаров бастаған аймақ атқамінерлерінің экспедиция сапарының екінші күні Ордабасы ауданын аралаумен жалғасты. Облыс орталығына жақын орналасқан бұл ауданда өнеркәсіп орындары жиі шоғырланған. Шағын және орта кәсіпкерлік те жақсы дамып келеді. Аудандар арасында өнеркәсіп орындарының өндірген өнім көлемі бойынша облыста көш бастап отырғанын айтқан аудан әкімі аппаратының басшысы Азат Оралбаев жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуда көптеген шаруалар атқарып жатқанын да тілге тиек етті.  

Өндіріс орындарын аралап көруді ұйғарған экспедиция мүшелері алғаш Шұбар ауылдық округіндегі Абдрахим Жұмабеков басшылық ететін «Бастау Фарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл серіктестік қызыл мия өсімдігінің тамырынан шикізат өндірумен айналысады екен.

Серіктестіктің ашылып, жұмыс істей бастағанына 10 жылдан асты, деген серіктестік менеджері Гүлдана Керімқұлова, Қызыл мияның тамырын Қызылорда, Шардара, Түркістан, Жетісай, Сарыағаш өңірлерінен қазып әкелеміз. Тамыр су күйінде қазылып алынып, оны шауып, тазалап, жуып, кептіріп, «Химфарм» зауытына, «Зерде» дәріханалар жүйесіне экстрат, яғни шикізат күйінде жібереміз. Бізде, сондай-ақ, қызыл мия тамырынан ұнтақ, сұйықтық түріндегі өнімдер де жасалады. Оларды бөшкелерге құйып қоямыз. Қызыл миядан негізінен жөтелге қарсы дәрілер жасалады. Сосын кока-кола секілді сусындарға, күлшелерге пайдаланатын кремнің құрамына қосылады,-дейді серіктестік менеджері.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578