Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2240 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 11:47

Базардағы емес, аулаңдағы жемісті тұтын!

Азық-түлік баағасы қымбаттап жатқанына қарамастан қарапайым халық дайын өнімге жүгіруді жөн санайды. Дегенмен уласындағы бақшасында жеміс-жидегін, көкөнісін өсіріп, өз өзін ішіп-жеммен қамтамасыз етуді дұрыс көретіндер де бар. Осы орайда өңірлердегіі әкімдіктер ауласында шағын ферма, кіші-гірім жылыжай ашпақ ниетті азаматтарға несие қарастыруды да ойластырып жатыр.

Қазығұрттық Әділбай Ниязов деген ақсақал есік алдындағы бақшаны күтіп баптайды. Алақандай алты соттық жерде көкөністің барлық түрі бар. Қияр мен қызанақтан басқа жүгерінің де де шығымы жақсы. Биыл алма мен алмұрт, өрік ағашы да жемісті мол беріпті. Яғни өзгенің емес, өзінің өсіргенін тұтынатын зейнеткер қарным да тоқ, қалтам да бүтін дейді. Ал оны базардағы бағадан гөрі ауладағы су мәселесі көбірек алаңдатады. Бағбанның айтуынша, бақшаны қолдан суарғанша арықтың суы нәрлірек болады. Ал қазіргі кезде көшеге көптеп үйлер түсіп кеткендіктер бұрынғы арықтар жоқтың қасы. Болашақта бақшаны суаратын арықтар жүргізуді жоспарлап отыр. Көкөніс пен жемісті базардан іздемейтін атай шағын жерінен жаз бойы жинағаны өзінен артылса көршілерімен бөліседі екен. «Еңбек еткен адамға қолбайлау жоқ, керісінше қолдау бар» дейді Әділбай бағбан.

Қазіргі ашық әлемдік экономика жағдайында жұмыс істеуге бейімделе бастаған Республикамыздың ауыл шаруашылығы өзінің одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз ететін жаңа кезеңге аяқ басты. Мемлекет басшысы атап өткендей, ауыл шаруашылығын реформалауда таңдалған жолдың дұрыстығын сала дамуындағы нақты қорытындылар дәлелдеп отыр

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598