Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2125 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 00:00

Отандық өнеркәсіпті шикізатпен қамтиды

Жыл соңына қарай жүргізілетін есеп, қортындылар кезеңінде ОҚО биылғы шаруашылық саласындағы тың жаңалықтар да назарға алынады. Мәселен, ОҚО, Түркістан қалалық әкімдігіне қарасты Қарашық ауылдық округіндегі «Тұран» шаруа қожалығында болған биология ғылымдарының докторы A.Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ә.Әлиев мақта сорттардың ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді. Ерекшелігі сол, бұл мақта талшығының ұзындығы кәдімгі сұрыптағы мақтаға қарағанда әлдеқайда жоғары. Яғни, «Түркістан» мақтасының талшығы 4-үлгіге жатады. Мақтаның бұл түрі тоқыма өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады. Енді түркістандық кәсіпкерлер Оңтүстіктегі тоқыма кәсіпорындарын жергілікті шикізатпен қамтуға толық кепілдік бере алады.

Айта кетейік, түркістандық мақташылар биыл 17 мың тонна шитті мақта жинады. Қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаевтың айтуынша, Түркістанда өткен жылы 3500 гектар жерге мақта егілсе, биыл бұл көрсеткіш 6600 гектарға ұлғайған. 

Жалпы әлемде жүзге жуық мемлекет өз жерінде мақта өсiредi, олар негiзiнен субтропикалық және тропикалық климаттық белдеуде орналасқан. Қазақстан Республикасы оның ішінде ОҚО өңірі мақта өндiруде жер шарындағы солтүстiк нүктеде орналасқан. Сондықтан бiздiң елiмiздегi мақта шаруашылығында бiрқатар ерекшелiктер бар. Атап айтар болсақ, кейбiр жылдары мақта пiсiп үлгеру үшiн күн көзiнiң жылуы жетiспейдi, сондықтан мақтаны дефолианттар жәрдемiмен жетiлдiруге тура келедi. Өңiрде орта талшықты мақтаны өсiрiп баптауды үйренген фермерлер жоғары сапалы өнiм өндiредi.

абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592