Жексенбі, 24 Қараша 2024
Міне, әңгіме! 5067 0 пікір 19 Желтоқсан, 2016 сағат 08:57

ОЛ - ҚАЗАҚТЫҢ "ДЭН СЯОПИНІ"


Неше күннен бері қазақтың бір арда азаматын жерден алып, жерге салу тоқталар емес. Оның билікте жүргеннен кейін билікше сөйлеуге мәжбүр екенін неге ойламайды жұрт? "Қай жердің отын оттасаң, сол жердің суын сулайсың дейді қазақ. "По-волчьи жить - по-волчьи выть" дейді орыстар. Мен оны "қазақтың Дэн Сяопині" деп білемін. Дэн екі рет ұрылып, "политический труп" болып, екіншісінде Мао өмірден өткеннен кейін ғана жарыққа шыққан. Дэннің сол тағдырын қайталау қажет пе? Екіншіден, олай ету бүгін өте қауіпті де. 

Ендеше, "өзің болып алғанша, болған ердің қосын жек!" деген қазақи дана ұстанымнан айнымағанының несі бұрыс? Ең бастысы - ол Ұстазына адал. Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) "Ұстазың - ата-анаңнан артық" деген. Яғни, қандай болған күнде де Ұстазыңа адал болу - адамдық міндет. "Ақырына дейін адал болып қалайын, маңдайыма ел басқару жазылса кезінде көрермін, жазылмаса - бұйрық емес шығар" деп, қандай ауыр тапсырма берсе де, абыроймен орындап шығып жүр ол.

Өздерін байлық пен билікке жеткізген адамға адал бола алмаған, "демократия" деген сөзді жамылып, билікке ертерек жетуді көздегендерге қосылмайтыны сондықтан. Дэн 77 жасында билікке келсе де бар-жоғы 10 жылда халқын әлемнің алдына шығаратын жүйе, даңғыл жол салып беріп кетті. Соның арқасында Қытай 5 мың жылдық тарихында болмаған қарқынмен дамуда, 

Мен "қазақтың Дэн Сяопині" де дәл солай істейді деп білемін. Сол кезде қазақ Қытайдың 30 жылда жүргенін 15-ақ жылда жүріп өтетін болады. Себебі, қазақтай талантты, дарынды, алғыр, қабылетті, төзімді, шыдамды, мықты, берік ұлт жер бетінде жоқ! 

Әрине, қам сүт емген пенде болған соң менің қателесуім мүмкін, бірақ, билік ауысқан кезде оның билікке келгені жалпы қазақ үшін теңдессіз игілік болатынына, және оның ешуақытта, ешқандай жағдайда байлық үшін елін тастап кетпейтініне сенімім кәміл!
 
Өмірзақ Ақжігіт

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602