Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2264 0 пікір 16 Желтоқсан, 2016 сағат 11:29

Пәтер иелері кооперативтерін құру жұмыстарының орындалуы туралы жиын өтті

Қала әкімдігінде қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен аудандарда пәтер иелері кооперативтерін құру жұмыстарының барысы туралы жиын өтті. Сонымен қатар, қала  аумағындағы белгіленбеген сауда орындарын жою жұмыстарының жағдайы туралы кәсіпкерлік бөлімінің есебі тыңдалды.

Абай ауданы: Пәтер иелері кооперативтерін құру бойынша 453 көпқабатты тұрғын үйдің 394-і кондоминиум нысаны ретінде тіркелген. Биыл қалған 41 көпқабатты тұрғын үйлерді кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасына тіркеу мақсатында тұрғындармен келісім хаттамалары түзілді. 12 көпқабатты тұрғын үйдің топографиялық түсірілімі алынды.

Әл-Фараби ауданы: 665 көпқабатты тұрғын үйдің 559-і (84 пайызы)  кондоминиум нысаны ретінде тіркелген. Ал, қалған 106 үй бойынша жұмыстар жүргізіліп, 56 үйдің техникалық төлқұжаттары дайындалды. Пәтер иелері кооперативтерін құру бойынша түрлі мекемелермен келісім-шартқа отырып, 448 көпқабатты тұрғын үйге, қысқа дайындық жұмыстарын жүргізу, жылу, ауыз су, кәріз жүйелерінде орын алған кемшіліктерді дер кезінде ретке келтіру және үй ауласымен кіре беріс ауланың санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуде.

Еңбекші ауданы: Қала әкімінің  тапсырмасына сәйкес, 630 үйдің ішінде 22 коммуналдық үйлер болса, 514 пәтер  кондоминиум нысаны ретінде тіркелген.

Осыған орай,  «Күншығыс» шағынауданында 33 көпқабатты тұрғын үйлерге жылу жүйесі бойынша қызмет көрсететін мекеме «Пресс» ЖШС-ын көпқабатты тұрғын үйлерді басқару үшін өз жауапкершілігіне алуға ұсынды.

Қаратау ауданы: Аудан аумағында 252 тұрғын үйдің 49-ы коммуналдық үйлер болып, оның ішінде кондоминиум нысаны ретінде 59 үй тіркелді. Бұған дейін сервистік компаниялар тұрғын үйлерге 5 қызмет түрін көрсеткен болса, алдағы уақытта басқарушы компания үйдің шатырын жөндеу, аулаларын санитарлық тазалау,  жертөлені дезинфекциялау, балалар ойын элементтерін күтіп ұстау жұмыстарымен қоса  13 қызмет түрін қоса атқаратын болады.

Кәсіпкерлік бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Әсет Абдрахановтың айтуы бойынша ретсіз сауда орындарына байланысты 180 рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Осы уақытқа дейін арнайы белгіленбеген орындарда сауда жасаушы тұлғаларға, жергілікті полиция қызметімен 3 626 әкімшілік хаттама толтырылып, оның ішінде 3092 тұлғаға ескертулер берілген, жалпы сомасы 6 394 815 теңге айыппұл салынып жергілікті бюджетке 2 656 552 теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Жиналыс барысында қала әкімі кәсіпкерлік бөліміне жаңа жыл мерекесіне дейін баға тұрақтылығын сақтауға тапсырма берді. Әрі, базар иелерімен кездесіп, базардағы жалдау (аренда) құнын негізсіз өсірмеуді айтып өтті.

Abai.kz



0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5606