Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2602 0 пікір 15 Желтоқсан, 2016 сағат 16:40

«Бастау Фарм» ЖШС ауылдастарды жұмыспен қамтып отыр

Оңтүстік Қазақстан облысында облыс орталығына жақын орналасқан аудандардың бірі – Ордабасы. Сол себепті де үш жүздің басын қосқан киелі таудың атымен аталған ауданда өнеркәсіп орындары жиі шоғырланған. Шағын және орта кәсіпкерлік те жақсы дамып келеді. Олардың ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы нысандар да аз емес. Ал, қызыл мия өсімдігінің тамырынан өнім өндірумен айналысатын өндіріс орны кімді де болса қызықтырмай қоймайды. Бұл шаруамен Шұбар ауылдық округіндегі Абдрахим Жұмабеков басшылық ететін «Бастау Фарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысады екен.

- Өндіріс орнымыздың ашылып, жұмыс істей бастағанына 10 жылдан асты, - дейді серіктестік менеджері Гүлдана Керімқұлова. – Қызыл мияның тамырын Қызылорда, Шардара Түркістан, Жетісай, Сарыағаш өңірлерінен қазып әкелеміз. Тамыр су күйінде қазылып алынып, оны шауып, тазалап, жуып, кептіріп, Химфарм зауытына, «Зерде» дәріханалар жүйесіне экстрат, яғни шикізат күйінде жібереміз. Бізде сондай-ақ, қызыл мия тамырынан ұнтақ, сұйықтық түріндегі өнімдер де жасалады. Оларды бөшкелерге құйып қоямыз. Қызыл миядан негізінен жөтелге қарсы дәрілер жасалады. Сосын кока-кола секілді сусындарға, күлшелерге пайдаланатын кремнің құрамына қосылады. Дәмі тәтті болып келеді.

Менеджердің айтуынша, жылына тапсырысқа қарай 100-200 тонна, кейде одан да көп өнім өндіріледі екен. Серіктестік басшылары бұл жұмысты атқару үшін мемлекеттен арнайы лицензия алған. Екі ортадағы келісім бойынша тамырлар қазылып алынғаннан кейін орнына қайтадан тұқымы егіледі. Соның арқасында қызыл мия 2-3 жылда қайтадан қалпына келіп, ол 6-7 жылдың ішінде тағы қазып алынады.

Серіктестік осы бастамасы арқылы бүгінде кемінде 50-ге жуық ауыл адамдарын тұрақты жұмыспен қамтып отырса, науқан кезінде олардың қатары бұдан да артады. Жалақылары 50-70 мың теңгеден басталып, 120-140 мың теңгеге дейін жетеді. Ауылда отырып, өз-өзін, жерлестерін де жұмыспен қамтып, ауыл ажарын ашуға атсалысып жүрген осындай азамттардың тындырымды тірлігіне қалай риза болмассың?!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618