Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2432 0 пікір 14 Желтоқсан, 2016 сағат 14:10

Мәселелер шешімін табуда

Сайрам тұрғын алабының тұрғыны Шукрат Құдайбергенов ел мен билік арасында ашық байланыс орнату мақсатында жүзеге асырылып отырған "Ашық әкімдік" жобасының мүмкіндігін пайдаланып мамандарға өз сұрағын жолдап, мәселесін шешіп беруді сұранған. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Oның жазуы бойынша Сайрам тұрғын алабында 150-ден астам көшелер бар екен. Сол көшелерге қашан тас төселіп, асфальт салынатынын білігі келген екен. Тұрғынның өтініші бойынша салаға жауапты мамандардың жауабы бойынша 2015 жылы Сайрам тұрғын алабының 13 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары атқарылған. 2016 жылы 6 көшеде орташа жөндеу жұмыстары атқаруға бюджеттен қаржы қаралып, бүгінгі таңда мердігер мекемелерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурстар өткізіліпті. Жұмыстар ағымдағы жылы мамыр айында басталған болатын. Қазір асфальт төсеу жұмыстары аяқталып қалған. Жалпы жыл сайын рет-ретімен Сайрам тұрғын алабының көшелері толығымен асфальтталынатын болады дейді мамандар. 

   Осылайша, "Ашық әкімдікке" келіп түскен сұрақ, проблемалардың барлығы дерлік шешімін табуда. Сондай-ақ Елбасының «Ақпаратқа қолжетімділік туралы заңын» орындау мақсатында келіп түскен сұрақтар мен жауаптардың барлығы ресми сайттарда тұрақты түрде жариялануда. Аталған деректерді тұрғындар кез-келген уақытта оқып, пікірін білдіре алады.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625