Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4253 0 пікір 14 Желтоқсан, 2016 сағат 14:06

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер теліміне үй салуға бола ма?

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының азаматтары шағын және орта кәсіпкерлікке қатысты сауалдарға жиі жауап іздеуде. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Себебі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен өңірлерде шағын және орта кәсіппен айналысатындарға жағдай жасалуда. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Бизнестің жол картасы – 2020» секілді мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып, «Даму» АҚ қоры, «Оңтүстік» (бұрынғы Максимум), «Ырыс» секілді қаржылық ұйымдар кәсіппен айналысамын деген, нақты бизнес жоспары бар азаматтарға жеңілдетілген несие, ал, кәсібін кеңейткісі келген ауыл шаруашылық мамандарға қайтарымсыз субсидия беріп жатыр. Міне, осы жерде кәсіпкерлер көптеген сауалдарға жауап іздейді. Осындай түйіткілдерді Елбасы тапсырмасымен Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асқан «Ашық әкімдік» жобасы оңай шешеді. Яғни, «Ашық әкімдік» жобасы шеңберінде диқандар, шаруашылық төрағалары, жалпы кез-келген кәсіпкер сол салаға қатысты лауазым иелеріне сауал жолдай алады. Естеріңізде болса, осыған дейін экс облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов «Ашық әкімдік» жобасы аясында онлайн конференция өткізіп, өзгелерді осы бастаманы қолдауға шақырған болатын. Сонда облыс әкіміне Арман есімді азамат былай деп сұрақ қойды:  

«Құрметті облыс әкімі! Келе жатқан мерекеңіз құтты болсын! Маған шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген тәлімі егістік жеріме тұрғын үй салуға бола ма?»

Облыс әкімі: Құрметті Абсадыков Арман, интернет-конференцияға қатысқаныңыз үшін рахмет! Негізінен ҚР Жер кодексінің талаптарына сәйкес, ауыл шаруашылық мақсатындағы егістік жерге тұрғын үй салуға болмайды. Тұрғын үй салынатын жер – елді мекендер жерлері санатына жатады, сіздің жерініз ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатында, сол себептен тұрғын үй салуға болмайды.

Осылайша, сұраққа жауап берілді. Сізде сауал болса, қазірден бастап, «Ашық әкімдік» жобасы шеңберінде арнайы мамандарға хабарласа аласыз. 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5622