Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 3096 0 пікір 14 Желтоқсан, 2016 сағат 13:38

Ұйымдастырушылық қабілетіңіз бар болса...

Шымкент қаласы әкімдігі «Б» корпусының  бос мемлекеттік әкімшілік  лауазымдарына  орналасуға  осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Конкурс талаптарын әкімдіктің ресми сайты "Ашық әкімдік" жобасы аясында хабарлап отыр.  Бос лауызымның бірі ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Е-3 санаты, 1 бірлік.

Мемлекеттік қызметке орналасушының  функционалдық міндеттері мынадай болуы шарт: ҚР заңдарының,  ҚР Перзиденті мен Үкіметінің  Жарлықтары мен Қаулыларының, облыс және қала  әкімдерінің шешімдері мен  өкімдерінің  орындалуна сараптама  жасау және бақылау жүргізу; аппараттың, құрылымдық бөлімшелердің, аудан әкімдерінің  іс-шараларын,  бағдарламаларын, жұмыс жоспарларын  жүзеге асыруды  қамтамасыз ету;  жоспар бойынша  тексерулер ұйымдастыру, анықтамалар жазу; қаладағы атқарушы органдардың бағдарламаларын орындау барысын қадағалау;  қала әкімін және оның  аппаратына  ақпараттық және  құжаттамалық  қамтамасыз ету; сайлауларды, референдумдарды  өткізуді ұйымдастыру. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:техникалық ғылымдар және технологиялар, құқық, гуманитарлық, білім, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, қызмет көрсету, мемлекеттік және жергілікті басқару  мамандықтары бойынша. Мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы тиіс. 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5644