Жексенбі, 24 Қараша 2024
Алашорда 4499 0 пікір 14 Желтоқсан, 2016 сағат 10:14

ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАДА АКАДЕМИК О. СӘБДЕН КІТАБІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

2016 жылдың желтоқсанда Оразалы Сәбденнің «Абай, Қазақстан болашағы мен әлемдік цивилизация » және «ХХI ғасырдағы адамзаттың өмір сүру стратегиясының концепциясы және азық-түлік кәуіпсіздігі», атты кітаптарының танымал ғалымдар, академиктер, қоғам қайраткерлері, жазушыларымен Алматы қаласының жастарымен тұсаукесері өтті. БАҚ - TV: «Хабар», «Қазақстан», «31» арна «Тұран» және басқалар қатысты.

Кітаптың негізгі идеясы бүгінгі таңда өте сұраныста! «АБАЙ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ЦИВИЛИЗАЦИЯ» атты жаңа үлкен кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Еңбектің авторы белгілі ғалым, қоғам қайраткері, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Оразалы Сәбден.

Абай Құнанбайұлының шығармалары мен қара сөздері қазақ халқын, жалпы адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелеуде. Абай - ой мен сөз бостандығының символына айналды. Қазақтың идеалы – Абай. Кітапта оның қара сөздерінде көтерілген мәселелерді XXI ғасырда іске асыру тетіктері айқындалған. Егер дəл қазір Абайдың өзі болса, алыс - жақын айналада жəне елімізде болып жатқан құбылыстарға, адамзаттың жанайқайына не айтар еді? Оның өңменіңнен өтетін ащы өмір шындығына, лауазымына қарамай айтатын сынына, дəлеліне қазіргі билік сол бұрынғы Абайға қарағандай қарай ма екен?! Ұлы Абайдың феномені, оның ой-өрісін, болмысын бəріміз, үлкеніміз де, кішіміз де, байымыз да, кедейіміз де жақсы көреміз, мойындаймыз да. Ал ісіне келгенде біріміз оның айтқандарын істеуге тырыссақ, ал екінші жартымыз неге керісінше жасаймыз ? Абайдың ақиқат пен шындығын айтатын кез келді.

Сізді қызықтыратын,толғандыратын сұрақтардың жауабын мүмкін осы кітаптан табарсыз?

- Біз кім едік, қазір кімбіз, қайда бара жатырмыз, алда не күтіп тұр?

* Қандай байлығымыз, потенциалымыз бар, оны қалай пайдаланып жатырмыз?

* Рухани құндылығымыз қай деңгейде, қалай жаңғыртамыз?

* Табиғат пен адам гармониясы сақтала ма?

* Жаңа технологиясыз бәсекелестікке түсе аламыз ба?

* Кіші кәсіпті қалай бүкіл халықтікі етіп жасаймыз?

* Ауылдың хал - ахуалы , оны қалай көтереміз?

* Білім мен ғылымның деңгейі қандай, қалай серпіліс береміз?

* Әр адамға, отбасына керегі не?

* Жастар болашағы

* Мемлекетті қалай тиімді етіп басқарамыз?

* Адамзаттың XXI ғ. өмір сүру жолы қалай болмақ?

Біз Абайға қайта бет бұрып, оның туындыларынан ақиқат пен шындықты, оның толық адамынан ар-ұят, намыс пен мейірімділікті алып, өзімізді өзгертуге, рухани жан дүниемізді түзетуге бет алсақ дейді автор. Әр сөздің мазмұны екі бөліктен тұрады. Біріншісі: «Мəселенің қазіргі жағдайы қалай?», «екіншісі: «не істеу керек, қалай шешу керек, тетігі қайда?» деген сұраққа жауап іздеп, ұсыныстар беру – қиынның қиыны. Бұл кітаптың ерекшелігі – ол халықаралық деңгейде жаңа постмодернизм тәсілінде бүгін мен болашақтың өзекті сұрақтарына жауап беріп, оларды қалай іске асыру жолдары жазылған. Соның арқасында Қазақстанды, яғни Қазақ елін жаңа өркениетке, ізгілендіру қоғамына көтеру- автордың негізгі мақсаты. Адамзаттың XXI ғасырда өмір сүру жолдары, Түркістанды рухани жаңғырту жобалары ұсынылған. Атап айтқанда: экономика, рухани-мәдени, ғылыми-технологиялық революция, экология, ғарышты игеру, қауіпсіздік туралы. Кітапқа академиктердің, мамандардың пікірлері берілген.

Презентацияға белгілі ғалымдар, зиялы қауым, академиктер С.Қирабаев, А.Кошанов, К.Ормантаев, А.Бейсенова, М.Мырзахметов, Б.Ракишев,С.Сатубалдин, Ә.Сатыбалдин, У.Қалижан, Х.Абжанов, Ж. Мустафина, мәдениет және коғам қайраткерлері М. Ауезов, Н. Жотабаев А.Осман, Р.Ботабеков, Г. Капекова т.б., профессорлар.

Осы кітапты мына мекен-жай бойынша сатып алуға болады: Құрманғазы к-сі,29, ҚР БҒМ ҒК Экономика институты, Тел: 261-19-06; 272-12-16, Мобильді: 87078048332 Sutauri, офис 108, 213

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5564