Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3731 0 пікір 13 Желтоқсан, 2016 сағат 14:48

Ата-аналардың атынан алғыс білдірді

Оңтүстік Қазақстан облысынан бастау алған "Ашық әкімдік" жобасының тиімді екенін билік өкілдері де қарапайым тұрғындар да көз жеткізіп отыр. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Елбасы "100 нақты қадам" Ұлт жоспарың 94-ші қадамында атап көрсеткендей ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мамандар күн сайын жаңа мүмкіндерге жол ашуда. Халық пен билік өкілдерінің арасында ашық байланыс орнатып отырған мамандар тұрғындармен әлеуметтік желілер арқылы жақындай түсуде. Мәселен "Ашық әкімдік" жобасын фейсбук, инстаграмнан табуға болады.

Осы әлеуметтік желілер және де әкім, басшылардың блогына тұрғындар көкейдегі сауалдарын жолдауға мүмкіндік алып отыр. Күн сайын түрлі мәселелермен хат жазып оытрған азматтардың ұсыныс-тілектеріне құлақ түріп көрейік.

Мәселен Шымкент қаласы Саяжол көшесінің  тұрғыны Бөкеева Н.Б ата-аналардың  атынан өтініш білдіріп, мамандарға алғысын жеткізіпті. "№9 көркем гимнастика спорт мектебінің оқушыларының, ата-аналарының атынан көркем де, зәулім мектебіміз үшін рахмет айтқым келеді. Біз Сіздерге ризамыз. Енді, сол мектепке бару үшін автобустар қашан жүрер екенін білгіміз келеді?" депсұрағын жолдаған екен. Мамандар азаматшаға  Астана даңғылындағы №9 көркем гимнастика спорт мектебіне дейін №78 автобус бағыты қатынап, жолаушыларға тасымалдау қызметін көрсетіп жатқанын жеткізген. 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627