Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 2693 0 пікір 12 Желтоқсан, 2016 сағат 16:24

ОҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕГІЗІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Сессия жұмысына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихат депуттары мен облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары және аудан, қала әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Сессияның күн тәртібінде 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет пен ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің атқарылған жұмыстар есебі, тұрақты комиссияның құрамына өзгерістер енгізу жайы мен мәслихаттың 2017 жылға арналған  жұмыс жоспары, бірқатар өңірлік кеңестің дербес құрамын бекіту сынды 25  мәселе қаралды.

Жиында «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуы бойынша баяндаған облыс әкімінің орынбасары  Ербол Садыр Ұлттық қор есебінен  4 бағыт бойынша  49 нысанның құрылысын жүргізу үшін 24 546,6  млн. теңге қаралғанын мәлім етті. Оның айтуынша, бүгінге дейін аталған қаржының 22 881,7 млн. теңгесі игерілген. Ал, қалған  1664,9 млн теңгесі жыл соңына дейін толық жұмсалатын болады.   

Жыл басында өңірімізде жалпы құны 12 млрд. 973 млн. теңгені құрайтын  26 мектеп пен 1 балабақшаның құрылысы жүргізіліпті. Бағытталған  қаржының 98 пайызы игеріліп, нәтижесінде 9 мектеп пен 1 балабақша пайдалануға берілген. «Ал қалған 17 мектептің құрылысы 2017 жылдың еншісіне қалып отыр», - деді әкім орынбасары. 

 Сондай-ақ Ербол Садыр мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлінген қаржы жыл соңына дейін толығымен игерілетінін жеткізді. 

Алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихатының кезекті сессиясында өңірдің өсіп өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар халық қалаулылары Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен    марапатталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618