Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2731 0 пікір 12 Желтоқсан, 2016 сағат 15:03

Халықтық бақылау орнатуға мүмкіндік туғызатын жоба

Қазақсан тәуелсіздік алғанына 25 жыл толса да, осы қысқа мерзім ішінде көптеген тірліктерді тындырды. Бұл жайлы шетел мамандары да, Қазақстан егемендік алған 25 жылда 50 жылдық жобаларды іске асырып тастады. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Мұнда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты көп рөл ойнайды. Ол шетелден ірі көлемде инвестициялар тартып, болашағы зор жобаларды халық назарына ұсынды. Сонымен қатар, Президент Қазақсанды үздік 30-дыққа кіргізер «Нақты 100 қадам» - Ұлт жоспарын қабылдап, оны іске асыруды үкіметтен бөлек, жергілікті билік орындарына да тапсырды. Қазіргі қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі минстрі Бейбіт Атамқұлов бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тұрған кезде «Нақты 100 қадам» - Ұлт жоспарының 94 қадамына сәйкес, тұрғындардың ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Ашық әкімдік» жобасын енгізді. Сол кезде халық алдында есеп бергенде Б.Атамқұлов «Ашық әкімдік» жобасы айлы айта келе:  

«Ақылды аймақ» кластерін құру өте маңызды. 21 ғасыр – жаңа технологиялар заманы. Биік технологиялар болашақта ауылшаруашылық, әсіресе білім беру, денсаулық сақтау және тағы басқа маңызды салаларда халыққа қызмет ету керек. Бұл үшін облыста «Ақылды аймақ» кластерін құру маңызды. Яғни қоғамның әр саласына, әсіресе әлеуметтік салаға IT-технологияларын көптеп енгізу. Соның бірі – «Smart Ontustik» жобасы. Бұл жобаның негізгі мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Болашақта «Smart Ontustik» жобасы арқылы жер телімдерін рәсімдеу, баланы балабақшаға кезекке тұрғызу, баланың денсаулық паспортын жүргізу сияқты мәселелерді жеңілдетуді жоспарлап отырмыз. Және халықтық бақылау орнатуға мүмкіндік туғызамыз. Бұл «Ақылы аймақ» кластері Елбасы Н.Назарбаевтың «Нақты 100 қадам» - Ұлт жоспарының 94 қадамына сәйкес «Ашық әкімдік» жобасы аясында жасалып отыр. Осы арқылы тұрғындарға есеп беріледі. Олар облысымызда атқарылып жатқан жұмыстар жайлы білуге құқылы», - деп айтты.

«Smart Ontustik» жобасы өңірімізде кезең-кезеңмен жүзеге асырыла береді. Қазірдің өзінде баланы балабақшаға орналастыру жеңілдеп келеді. Алдағы уақытта бұл жоба басқа салаларды да толықтай қамтиды. 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602