Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2228 0 пікір 10 Желтоқсан, 2016 сағат 16:01

Дінге қатысты сауалға жауап берді

Раманқұлов Рашид есімді азамат Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне «Ашық әкімдік» жобасының жүзеге асу қарқынын жеделдететін, халық пен билік арасындағы нығайтатын, және оңтайландыратын, қағазбастылықтан арылтатын электронды үкіметтегі  dialog.egov.kz порталы арқылы өзекті сауал жолдапты. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Ескере кетер жай, «Ашық әкімдік» - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нақты 100 қадам» - Ұлт жоспарының 94 қадамына сәйкес Оңтүстік өңірінде республикада алғаш болып іске қосылды. Осы арқылы Елбасының Оңтүстікке деген сенімі күшейе түскені мәлім.  

Сұрақ: Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында және Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясында Ислам дінінің «Ханафи» мазһабына ерекше көңіл бөлінген. Осының сыры неде деп ойлайсыз? Бұған облыс әкімі тарапынан «Ашық әкімдік» қызметі шеңберінде былай деп жауап берілді:

Құрметті Рашид Раманқұлов!«Ханафи» мазһабы ислам дінінің сунниттік бағытындағы мазһабтарға қарағанда неғұрлым байсалды, сабырлы, ұстамды, толерантты, қанағатшыл, жергілікті әдеп-ғұрып, салт-сана заңдарымен санасатын мазһаб. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының да ұстанатын және ресми насихаттап отырған мазһабы да осы «Ханафи» мазһабы болып табылады. Сонымен қатар ата-бабаларымыз Ислам дінінің сүнниттік бағытын, оның ішінде «Ханафи» мазһабын ұстанған. Осының аясында елімізде ешқашан діни алауыздық пен діни қақтығыстар болмағаны тарихтан белгілі. Міне, сол себепті ханафиттер жер жүзінде ең көп тараған мазһаб болып есептеледі.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578