Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2218 0 пікір 10 Желтоқсан, 2016 сағат 11:38

Мақтаулы ауданның шаруалары жарады

Бүгінде мақта алқаптарында терім жалғасып, шаруашылықтар оны тезірек жинау қамында. Аудан аумағындағы 136,4 мың гектар суармалы егістік жер бар десек, ол 19403 шаруа қожалықтарына тиесілі болып отыр. Қазіргі кезде егістік алқаптарда жиын-терім жалғасуда. Жақын күндерде науқан аяқталады.

Бүгінгі таңға егілген 83,0 мың гектар жердің 30 мың гектардан астамы теріліп, одан 57,5 мың тонна «ақ алтын» жиналуда. Орташа өнімділік гектарына 19,7 центнерді құрап отыр. Жиналған өнімді өткізуде тауқымет жоқ. Шаруалар мақта шикізатын мақта өңдеу зауыттарына 1 тоннасын 160-162 мың теңгеден сатуда.

Мәселе – тұқымның сапалы болуында, сонымен қатар оны уақытысында егіп, күтіп-баптауда. 2016 жылы ауданда егілетін мақта дақылының көлемі 83 мың гектарды құрады. Оның ішінде, 20 мың гектар жерінде инновациялық технологияларды кеңінен қолдана отырып, технологиялық картаға сәйкес, мақта шикізатын өндіруге кететін шығындарды барынша азайтып, егіліп отыр. Жалпы, ауданда 11 бірлік мақта өңдеу зауыттары жұмыс істейді. Сондықтан шаруалардың жиналған өнімі қазіргі таңда өңдеу орындарына кідіріссіз жөнелтілуде. 

Жалпы, дерекке жүгінер болсақ, бүгінгі күнге дейін егілген ауыл шаруашылығы дақылдарынан 42,3 мың тонна жүгері дәні, 1,0 мың тонна күріш, 57,5 мың тонна мақта шикізаты, 584,2 мың тонна бақша өнімдері, 115,2 мың тонна көкөніс өнімдері және 1,1 мың тонна жеміс-жидек пен жүзім өнімдері жиналды. Аталған өнімдер негізінен көрші мемлекеттерге қымбат бағаға сатылуда. Бұл ала жаздай төккен тердің жемісі. Сондықтан шаруалардың хал-ахуалы алдыңғы жылдарға қарағанда әлдеқайда жақсара түсті.Ауданда мақта, жалпы ауыл шаруашылығы саласына қатысты жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, биыл Мақтаарал ауылдық округінде «Хамро ата» фермер қожалығы 2 гектар жерге жылыжай салуға 78,2 млн теңге инвестициялық қаржы салды. Жылыжай іске қосылған жағдайда мұнда жаңадан 23 жұмыс орны ашылады. Оңтүстік өңірде шаруашылық та көп, халықтың саны да аз емес. Сондықтан әрбір жобаның жүзеге асуы жаңадан жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік беріп отыр. «Прогресс-2009» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 200,0 млн теңгеге қуаттылығы 20 мың тонна болатын мақта өңдеу зауытын салмақ. Жаңа зауытта алдағы уақытта жаңадан 35 жұмыс орны ашылмақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576