Тамшылатып суарудың пайдасын көруде
Оңтүстік Қазақстан облысында ауылшаруашылығы саласының дамуы қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Аталмыш өңірде егіс көлемін ұлғайту, иесіз жерлерді игеру, заманауи технологиямен тамшылатып суару әдісін кеңінен енгізу, жылыжайлар салу, бау-бақшаларды көбейту, жерді тиімді игеру бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.
Оңтүстік Қазақстан облсында 1991 жылы жеміс-жидек және жүзімнен 60,9 мың тонна өнім алынған болса, биыл өнімділігі жоғары 2100 га интенсивті баулар есебінен 198,0 мың тонна өнім жинау күтілуде. Сонымен қатар, биыл 470 мың тонна астық жиналды. Бұл Тәуелсіздік кезеңіндегі ең үлкен рекордтық көрсеткіш. Республика халқын қыс және ерте көктем мерзімдерінде сапалы көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жылыжайлар салу ісі қолға алынып, бүгінде олардың көлемі 1 112 га жетті, бұл республикадағы барлық жылыжайлардың 87 пайызын құрайды.
Осы жылыжайларда Сарыағаш, Қазығұрт аудандарында басқа өнімдермен бірге алғаш рет цитрус тұқымдас лимон өсіру қолға алынды. Соның ішінде Ордабасы ауданының да бұл көрсеткішке қосар үлесі зор. Мәселен биылғы жылы 1437 гектар жерге күнбағыс еккен Ордабасылық шаруалар 14,5 центнер өнім алып, 2081 тонна өнім жинаған. Сондай-ақ 3315 гектар жерге көкөніс егіп, 207 центнерден өнім алып, 68650 тонна өнім жиналған. Бұл Тәуелсіздікті ең алғаш алған тұстағы көрсеткішпен салыстырсақ ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткіш деуге болады.
Abai.kz