Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2437 0 пікір 10 Желтоқсан, 2016 сағат 11:18

Ордабасыда 200-ден астам шаруа қожалықтары бар

Ордабасы ауданында бүгінде 200- ден астам ірі шаруа қожалықтары болса, олардың ішінде бір бағытта ғана жұмыс істемей, бірнеше бағытта қатар жұмыс істеп отырған және барлығынан мол өнім алып отырған әмбебап шаруалар да бар. Олар өңірдің мақтаныштарына да айналып отыр.

Мәселен Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданына қарасты Бөген ауылдық округінен Нысанбек Ағабек мақтамен қатар жүгері өнімдерін техникамен баптаудан еңбек озаты атанып отыр. Жалпы соңғы кездері оңтүстіктегі шаруалардың бірнеше өнімді қатар егуге деген құлшынысын байқауға болады. Мұның артықшылығы "шаруалардың өнімді жан жақты зерттеп, қайсысы мол өнім берсе соған ойысуына жола ашады" дейді өңірдегі ауылшаруашылық мамандары.

Ордабасы ауданының ежелден ыстыққа бейімді өнімдерді егуге қолайлылығын ескерсек, бөл өңірдің жерінің көп нәрсе егуге қолайлылығын түсінуге болады. Жалпы әу баста Ордабасы ауданы мақта егуге машықты болып, мақтадан мол өнім алып келсе соңғы кездері басқа да түрлі егістік өнімдеріне көңіл бөліп қана қоймай, олардан мол өнім алуға тырысып жатқандары байқалады. Тіпті кейбір ұсақ шаруа қожалықтары бірігіп, жерді біргіп игеруге күш салуда. Айналып келгенде мұның барлығы жерді тиімді игеріп, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталғаны аңғарылады.

Айта кетер жайт Ордабасылық шенеуніктер шаруалардың еңбегін елеп, жыл сайын "Алтын күз" мерекесінде бәрін жаппай марапаттауға да көңіл бөліп келе жатқанын айта кету керек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5563