Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2719 0 пікір 10 Желтоқсан, 2016 сағат 11:13

Ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуде

Соңғы кездері Оңтүстік Қазақстан облысында жылыжайлар күрт көбейіп келеді. Бұрындары ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен толығымен қамтамасыз ету проблемасы көрші елдерден тасымалдау арқылы шешіліп жүрсе, енді өзгеге жалтақтамай, қолдан келетін іске өзіміз-ақ білек түріп кірісе бастадық. Сондықтан жылыжай өнімдері де соңғы жылдары оңтүстіктің ғана емес, еліміздің көптеген базар сөрелерінде көбейіп келеді.

Ордабасы ауданы жыл өткен сайын жылыжай өсіруге ыңғайлы аудан екенін дәледеп келеді. Аумағы едәуір гектар жерді алатын, өсірілген өнімдері қайтадан өңделмейтін, көкөністерді жаңа піскен күйінде қолдануды қамтамасыз ететін жаңа, озық технологиялы жылыжай кешендері туралы айтар болсақ, бұл ең алдымен соңғы уақытта жаппай қолға алынып, мемлекеттің қолдауындағы мақсатты бағдарламалар аясында іске қосылып жатқан жобаларға қатысты. Оларды тұрғызудағы басты мақсат – халықты жаңа піскен сапалы өніммен қамтамасыз ету, нарықтағы бағаны түсіру, сондай-ақ, маусымаралық кезеңде көкөністердің бағасын тұрақтандыру болып табылады. 

Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысы жылыжай шаруашылықтарын дамыту бойынша елімізде көш бастайды. Жылыжай өндірісіне үлес қосып отырған шаруалар Ордабасы ауданында да көбейіп келеді. Солардың бірі Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауыл округі бойынша жеке кәсіпкер Жаутикова Маншүк жылы жайда көкөніс өндіруден үздік көрсеткішке жетіп келеді. Тіпті жақында осы еңбегі үшін Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының алғыс хатымен марапатталды. Жылыжайлар санын арттырып қана қоймай, өнімдердің түр түсін көбейту де шаруаның басты мақсаттарының бірі болып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566