Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2328 0 пікір 10 Желтоқсан, 2016 сағат 11:08

Арыстың ауылшаруашылық өнімдері Батыс елдерінің нарығына шықты

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы бойынша 5239 гектардан астам жерге егілген бақша өнімдерінен бүгінгі таңға дейін 104178 тонна өнім алынды. Бұл туралы «rgmedia.kz» порталы хабарлады.

Өңірде «Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында көптеген ауыл шаруашылығы жобалары жүзеге асуда. Сыр ана мен Арыс өзенін тел емген Арыс қаласының диқандары өздерінің бақша өнімдерін (қарбыз-қауын) облыс орталығы Шымкент қаласы мен еліміздің Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар қалаларын қамтыды.

Қазіргі таңда бақша өнімдерінің экспорты Еуро одақ елдеріне шығарыла бастады. Мысалы, «Аққала» кооперативі қауын өнімдерін Германия, Балтық елдеріне, Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласына, Новосібір, Пенза, Самара облыстарына жөнелтілуде.

Жылдағы өніммен салыстырғанда өнімді молынан алған арыстық диқандар ала жаздай еткен еңбектерінің ақталғанына қуанышты.

Жалпы 2016 жылдың 6 айында Арыста 3.182 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 102,3% құрады. Жыл соңына дейін көлем индексін 105,0% жеткізу көзделуде. Мал басы және одан алынатын мал өнімдері 2015 жылдың және 2016 жылдың қорытындысымен алдыңғы жылдарға қарағанда барлық түрінен артты.

2016 жылдың 6 айға егіс егу тапсырмасы 101,0 пайызға орындалды. Оның ішінде суармалы жер игеру тапсырмасы 15,0 мың га, ал орындалған 13,4 га, яғни 89,5% құрайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566