Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3222 0 пікір 10 Желтоқсан, 2016 сағат 10:59

Қараспан ауылында бой көтерген жаңа жылыжай өнім бере бастадыы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданының Қараспан ауылында бой көтерген жаңа жылыжай былтырдан бері республиканың барлық аймақтарына көкөніс пен жеміс-жидектер жеткізуді бастады. Әзірге бір бөлігі ғана іске қосылған кешенде қызанақ пен қиярдың бірнеше түрі өсілуде.

Ордабасы ауданында күннің жылуын пайдаланып жұмыс істейтін жерасты жылыжайлары пайда болды. Қытайдан әкелінген тәсілдің ерекшелігі артық шығынсыз дейді мамандар. Өйткені оған жылыту жүйесі қажет емес. 

Кәсіпкер Жанат Қыдырбайдың айтуынша, жердің астындағы бөлігі 8 метр, үстіндегі бөлігі 7 метр, сондықтан қыстың күні де жылуды ұстайды. Жалпы Ордабасының жері өте құнарлы, самал желінің де жылыжайға пайдасы мол деседі. 

Жылыжайдың бір ғана бөлігінің аумағы 4 гектар, ұзындығы 225 метр, 13 метр. Мұнда былтыр бірінші рет қызанақ отырғызылды. Бір ерекшелігі мұнда ешқандай жылыту пештері жоқ, технологиясы да қарапайым. Жаздың күні күннің энергиясын сіңірген топырақ жылыжайға жылу бөлетін көрінеді. Әзірге бір бөлігі жұмыс істеп тұрған жылыжайдың 2018 жылға дейін 50 гектарға ұлғаймақ. Мұнда қазірдің өзінде жиырмаға жуық жергілікті тұрғын жұмысқа тартылған. 

Жылыжайдың температурасын үнемі бақылап отыру керек, Жазда 40 градустан аспауы керек, ал қыста плюс 10 градустан төмен түспегені жөн дейді мамандар. Жалпы Ордабасы ауданында бірнеше ірі жылыжай бар. Қазір 62 гектар жерге түрлі өнімдер егілуде. Олар ең алдымен республиканың 8 облысына және Ресейдің бірқатар өңірлеріне, Мәскеуге тарайтын болады. Өнімдерді Украина мен Малдоваға жеткізу де жоспарда бар. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5565